ТМККК қызметтерін көрсету жөніндегі өнім берушіні таңдау қағидалары

10
ТМККК қызметтерін көрсету жөніндегі өнім берушіні таңдау қағидалары
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі өнім берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілді, ол 2017 жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 397 бұйрығымен және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі өнім берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілді, ол 2017 жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Қағидалар:

1) мемлекеттік мекеме болып табылатын;

2) мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты;

3) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығымен бекітілген ҚР азаматтарын шетелге бюджет қаражатының есебінен емделуге жіберу қағидаларына сәйкес ем көрсететін;

4) отандық медициналық ұйымдардың жағдайында шетелде емделуге үміткер ҚР азаматтары мен оралмандарға ем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда ҚР азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі  – ТМККК) көрсету жөніндегі өнім берушілерді таңдауды жүзеге асыру және олардың шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.

ТМККК өнім берушілерін таңдау республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай медициналық көмек көрсету түрлері бойынша іске асырылады:

дәрігерге дейінгі;

- білікті, мамандырылған, жоғары техникалық медициналық қызмет, медициналық-әлеуметтік мынадай нысандарда көрсетіледі:

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету, ол:

алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтиды;

2) республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының көмек көрсетуін қоса алғанда, алғашкы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың болуына/болмауына қарамастан, медициналық стационарлық көмек:

психикалық, онкологиялық аурулары және туберкулез, алкоголизм, нашақорлық және токсикоманиямен ауыратын науқастарға медициналық қызмет көрсету;

санаторийлерде медициналық қызмет көрсету;

3) республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының психикалық, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға медициналық қызметтерді көрсетуін қоса алғанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсетуді қоспағанда, медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы мақсатты трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады

Өнім берушіні таңдау мына қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады

1

ТМККК қолжетімділігін қамтамасыз ету;

2

Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың денсаулық сақтау субъектілерін еркін таңдауын іске асыру;

3

өнім берушілерді таңдау рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

4

өнім берушілерді таңдау процесінің ашықтығы мен айқындылығы;

5

әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

6

аумақтылығы (өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсетілген ТМККК көрсету орны бойынша өнім берушінің өндірістік базасының орналасуы)

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль