Қағидалардағы өзгерістер

24
Қағидалардағы өзгерістер
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар 2017 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді.

2017 жылы 15 маусымда  Қаржы министрінің № 384 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 2017 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді.

Өзгерістер
Түсіндірмелер
Қағидалардың 29-тармағына толықтыру: Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 38) тармақшасына сәйкес стандарт деп көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат танылады.
Заңның 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес техникалық реттеу оның ішінде стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау қағидатына да негізделеді.
Сонымен бірге, қолданыстағы редакция тапсырыс берушілерді техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде ұлттық және үкіметтік емес стандарттарға көрсетуге міндеттейді, бұл жоғарыда көрсетілген қағидаттарға қайшы келеді.
Қағидалардың 60-тармағына толықтыру:
Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның төрағасы болып орталық атқарушы органның жауапты хатшысы айқындалады.
Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларда конкурстық комиссия төрағасын айқындау, сондай-ақ ОМО материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурстық комиссия төрағасын айқындау мақсатында.
85-1-тармағы қосылады:
Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Егер техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса қажетті материалдық және еңбек ресурстары құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттамада құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлім болмаған жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде осындай қажеттілікті көрсететін құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесі әзірленеді және жобалаушымен келісіледі.
Бұл ретте құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесінде әлеуетті өнім берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы туралы талап көрсетіледі. Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерінің көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысын қоса атқаруға жол берілмейді.
Қағидалардың 150-тармағы әлеуетті өнім берушілерді қабылдамау негіздерінің тізбесін көздейді.
Бұл ретте, конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптар жеке тармақпен регламенттелуге тиіс.
85-2-тармағы қосылады
Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді көрсету жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшелікте тұрақты негізде онда жұмыс істейтін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің әлеуетті өнім берушілерде болуы туралы талап көрсетіледі. Аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.
Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес әлеуетті өнім берушіде тұрақты негізде онда жұмыс істейтін техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсететін аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлердің болуы туралы талап жұмыстарды орындау кезінде ғана қойылады.
Сонымен қатар аттестаттаудан өткен инженерлік-техникалық қызметкерлер техникалық қадағалау бойынша да инжинирингтік қызметтер көрсетеді.
119-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалатын болады:
шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазы Заңның 26-бабына сәйкес шарттың орындалуын және (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізуі.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабымен көзделген демпингке қарсы шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында.
140-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалатын болады:
біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
«Мерзімінен бастап» деген сөз тіркесін «мерзімі  өткен күннен» деген сөздермен ауыстыру ұсынылады, өйткені Қағидалар мәтіні бойынша өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі «өтінімдерді ашқанға дейін» мәтінінде қолданылады.
Қағидалардың 150-тармағында, мына бөлікте:
  1. рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін ұсынбаудың немесе электрондық құжат түріндегі рұқсаттың (хабарламаның) орнына нақтыланады: рұқсаттың (хабарламаның) болмауы.
  2. толықтырылады: әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
  3. конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталды;
1) және 3) бойынша сәйкестікке келтірілді.
2) тармақ бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қағидалардың 442-тармағына сәйкес, жұмыс тәжірибесінің болуы  біліктілік талабы болып табылады.
155-тармақта баяндалады:
Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мердігер және қосалқы мердігер ретінде шығатын әлеуетті өнім берушілерге шартты жеңілдіктерді әділ есептеу мақсатында.
174-тармақ:
Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабы 4-тармағына сәйкес Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге жатады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.
Осыған байланысты жалпыға ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде демпинг белгілеу ұсынылады.

Сондай-ақ Қағидалардың 175, 177, 426, 426-1-тармақтарына,  Қағидаларға 4-қосымшаның 2-т., Қағидаларға 4-қосымшаға, Қағидаларға 4-қосымшаның 71-т., Конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – КҚ)  2-қосымшаға, КҚ-ға 4-қосымшаның жетінші бөлігіне, КҚ-ға 5-қосымшаға, КҚ-ға 6-қосымшаға, КҚ-ға 8-қосымшаға, КҚ-ға 9-қосымшаға, Қағидаларға 9-қосымшаның 2-т., Аукциондық құжаттамаға 2-қосымшаға, Аукциондық құжаттамаға 7-қосымшаға, Қағидаларға 17-қосымшаның мәтініне, Қағидаларға 22-3-қосымшаның кестесіне, Қағидаларға 22-4-қосымшаға, Қағидаларға 22-5-қосымшаға өзгерістер енгізілді. Олармен Мемлекеттік сатып алу бойынша«Actualis» электрондық жүйесінде танысуға болады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль