Сенімділік түсінігі мен өлшемшарттары

7
Сенімділік түсінігі мен өлшемшарттары
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Сенімділік қасиеті кез келген объектіге – тұтас алғанда ғимарат пен құрылысқа, жекелеген құрылымдар мен инженерлік құрал-жабдықтарға немесе олардың жекелеген элементтеріне тән.

Объектінің сенімділігі – берілген пайдалану параметрлерін сақтай отырып, талап етілген уақыт аралығы ішінде өз функцияларын атқару қасиеті. Ғимараттарды пайдалану процесіндегі элементтердің сенімділігі ғимараттың техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу шаралары кешенін орындаған жағдайда қамтамасыз етіледі.

 Кез келген деңгейде объектінің өз функцияларын орындауға қабілеттілігі (немесе орындамауға) оның сенімділік өлшемін айқындайды. «Сенімділік» ұғымын t1, t2 , уақыт үзігінің бірізділігі түрінде елестетуге болады, ол уақыт ішінде объект өзінің tiжұм функциясын атқарады және ол қандай да бір себептермен өзінің «бас тарту» tjбас тарту деп аталатын функциясын атқармайды

Объектінің өз функциясын атқаруының жалпы уақыты неғұрлым ұзақ болса, бас тарту уақыты соғұрлым аз, соған орай сенімділігі де жоғары. Сондықтан сенімділігін бағалау үшін объектінің тоқтаусыз жұмыс істеу уақытының оның тіршілік ететін барлық уақытына арақатынасын айқындайтын көрсеткіш қолданылады.

Объектілердің өз функциясын атқару қызметінен басқа, сенімділікке белгіленген пайдалану параметрлерінің барлық уақытта сақталуын анықтау кіреді. Объект өз функцияларын атқаруы мүмкін, бірақ бұл ретте оның параметрлері жобалық және техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейді. Мәселен, үй-жайлардағы жылулық режимі жылыту жүйесі қуаттылығын ұлғайту есебінен қоршаған құрылымдардағы жылылықты оқшаулау сапасыз орындалғанда да қамтамасыз етілуі мүмкін.Бұл жылу мен электр энергиясының артық шығынына, жобада көрсетілген көрсеткіштермен салыстырғанда қосымша материалдық шығындарға алып келеді. Мұндай жағдайларда объектінің сенімсіздігі туралы айтуға болады.

Тұтас алғанда құрылыстар мен ғимараттардың сенімділігі объектіні өз белгілеуі бойынша пайдалану ұйғарылып отырған  уақыттың барлық кезеңіне қарай анықталуы тиіс.

Барлық объектінің сенімділігі оны құраушы элементтердің сенімділігіне байланысты . Алайда тұрғын үйде тұратындар немесе құрылысты өндірістік мақсатта пайдаланушылар үшін жекелеген элементтердің сенімділігі емес , үй-жайлардың пайдалану сапасын, қауіпсіздігі мен қолайлылық жағдайын айқындайтын жиынтық маңызды.

Тұтас алғанда ғимараттың сенімділігі түсінігі күрделі техникалық жүйе түрінде оны құраушы элементтерден гөрі кеңірек , олар тек екі жағдайда ғана болады – жұмысқа қабілетті немесе жұмысқа қабілетсіз . Жекелеген құрылымдар мен техникалық қондырғылардың тоқтап қалуы көп жағдайда тұтас алғанда объектінің жұмысының тоқтатылуына әкелмейді , олар тек пайдалану сапасының деңгейін төмендетеді.

Сенімділікті қалыптастыру механизмін түсіну үшін , объект інің бұл қасиеті тұтас алғанда сенімділіктің неғұрлым маңызды белгілерін айқындайтын жекелеген қасиеттерінің жиынтығы түрінде қарастырылады. Сенімділіктің мұндай сипаттағы қасиетіне тоқтаусыз жұмыс, төзімділік пен жөндеуге жарамдылық жатады.

Мүлтіксіздік – бұл объектінің өз функцияларын белгіленген уақыт ішінде жөндеуге үзіліс алмай-ақ атқару қасиеті. Ғимараттар мен құрылыстар үшін мүлтіксіздік қасиеті неғұрлым маңызды болып табылады, өйткені дәл сол ғана қауіпсіздік пен қызметтік қолайлылықты айқындайды.

Сақталғыштық – жекелеген элементтердің, сондай-ақ пайдалануға берілгенге дейінгі және жөндеу кезіндегі тұтас алғанда ғимараттың қанағаттанарлықсыз сақталуының, тасымалдануының, монтаждауға дейін ескіруінің теріс ықпалына қарсы тұру қабілеті.

Төзімділік – объектінің жұмыс барысындағы болуы мүмкін үзілістерді қамти отырып, шектік жағдай басталғанға дейін өз функциясын атқару қасиеті. Төзімділікке объектінің жұмысқа қабілетті барлық уақытша учаскелерінің қосындысы жатады және і тоқтап қалу жағдайында болады; ол объект қызметінің сандық жағынан орташа мерзімімен анықталады: Тор = ∑ tiжұм + ∑ tjтоқ.

Жөндеуге жарамдылық – объектіні тоқтағаннан кейін қалпына келтіруге ыңғайландыру.

Жөндеуге жарамдылықтың өлшемі оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің орташа уақыты болып табылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль