Конкурс өткізілмеді деп танылды

26
Конкурс өткізілмеді деп танылды
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері және салдарлары

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 179-тармағына сәйкес мына негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:

1) ұсынылған өтінімдер болмаған кезде;

2)  өтінімдер екіден кем болған кезде;

3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе.

Егер сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) сатып алуды қайта өткізу туралы;

2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.

Сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға міндетті.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырған және конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңның 22-бабының талаптары ескеріле отырып, Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес өткізіледі.

                                                  Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алу

Тапсырыс беруші төменде аталған тармақтар бойынша бір көзден алу тәсілімен өткізілмеген сатып алуды өткізуге құқылы:

1) ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда – бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші Қағидалардың 360-тармағының талаптарын ескере отырып айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда –  конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақырту жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс;

3) егер бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе – Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, шартты жеңілдікті ескере отырып, ең төмен бағамен конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіге шақырту жіберіледі;

4) егер бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе – шақырту өзінің өтінімінде көзделген шарттарда конкурсқа қатысуға жол берілген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.  

 Бір көзден алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылданған кездегі тапсырыс берушінің әрекеттері:

1)  сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдау;

2) ұйымдастырушыны айқындау;

3) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге жіберу;

4) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінім болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданған коммерциялық ұсыныс беру туралы сұрау жолымен айқындалады;

5) әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көзделген құжаттармен қоса, Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес қатысу туралы келісім жіберуі;

6) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын ұсынылған құжаттарды қарау;

7) веб порталда қорытындылар туралы хаттаманы орналастыру;

8)  шарт жасасу;

9) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепті веб-порталда орналастыру (конкурсқа қатысуға өтінім болмаған жағдайда).

 Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздері:

1) егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген кезде;

2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған кезде;

3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайда.

Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, сатып алуды конкурс тәсілімен қайтадан өткізу қажет.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль