Жолдарды ағымдағы жөндеудің сметалық құжаттарын дайындау

4
Жолдарды ағымдағы жөндеудің сметалық құжаттарын дайындау
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Көше жолдарын ағымдағы жөндеудің сметалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар кезінде қандай растаушы құжаттар қажет?

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  17-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.

Осы баптың 6-тармағын сәйкес,  осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі көзделеді. Жоғарыда көрсетілген қосымшаларда смета жасау жөніндегі қызметтің  жоқ болуына байланысты, аталған жұмыс түрі лицензиялауға жатпайды. 

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, автомобиль жолын ағымдағы жөндеу –  маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені.

Көрсетілген Заңның 15-бабының 1-тармағына с әйкес, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етiлген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген  Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптаудың  (бұдан әрі – Сыныптау) 25-тармағына келіп шығатыны, автомобиль жолын ағымдағы жөндеу қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі.

Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді. Сметалық есептеулерде ескерілуі тиіс автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесі сыныптаудың 26-тармағында белгіленген.

Сондай-ақ көшелер мен жолдарды ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу, күтіп-ұстау кезінде орындалатын жұмыс түрлерін сыныптау  тиісті әкімдіктердің қаулыларымен  айқындалады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 мамырдағы № 450 бұйрығымен қолданысқа енгізілген  2015 жылғы Сметалық нормативтік база (бұдан әрі – СНБ 2015), объектілер құрылысының, оларды күрделі жөндеудің және реконструкциялаудың сметалық құнын анықтауға арналған.   

Объектілерді ағымдағы жөндеу шығындары пайдалану шығындарына жатады. Осыған байланысты автомобиль жолдарын  ағымдағы, шұңқырларды және орташа жөндеудің құнын анықтау  үшін 2001 жылғы Сметалық нормативтік базаны немесе 2015 жылғы Сметалық нормативтік базаны таңдауды тапсырыс беруші жүзеге асырады.  Орындаушының өз кезегінде автомобиль жолдарын  ағымдағы жөндеудің сметалық құнын есептеуге арналған бағдарламалық кешені мен тиісті қамтамасыз ету  бағдарламасы  және  сәйкес мамандандырылған кәсіпқой  инженер-сметашылары  бар болуы тиіс.

Бұл талаптарды техникалық ерекшелікті жасау кезінде ескеру қажет.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль