Хабарламалар бойынша бұзушылықтарды жою

11
Хабарламалар бойынша бұзушылықтарды жою
Камералдық бақылау хабарламалары бойынша бұзушылықтарды қалай және қандай мерзімдерде жою керек?

Мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі – МС) порталында ұйымдастырушы хабарландыру жариялағаннан кейін мемлекеттік ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі – МІАД) инспекторы жарияланған хабарландыру бойынша камералдық бақылауды жүзеге асырады:

– веб-портал арқылы МС-ны жан-жақты зерттейді;

- МС туралы заңнаманы бұзушылықты анықтайды;

- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.

Камералдық бақылау төмендегідей төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт бойынша: жүйе камералдық бақылауды жүзеге асыруға және құжаттары талқылауға жататын лоттар бойынша құжаттаманы талқылау мерзімі ішінде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді (яғни 5 жұмыс күні ішінде, жариялау статусы – «Жарияланды»). Ұйымдастырушы құжаттамаға өзгеріс енгізу немесе бұзушылыққа қарай сатып алуды жою жолымен қатені жоюға тиіс.

Жүйе камералдық бақылауды жүзеге асыруға және құжаттары талқылауға жататын лоттар бойынша қайтадан сатып алу үшін «Жарияланды», «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)» статусымен хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырушы сатып алуды болдырмау жолымен бұзушылықты жоюға тиіс.  

Екінші бағыт бойынша: жүйе камералдық бақылауды жүзеге асыруға және құжаттары талқылауға жататын лоттар бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде, бірақ 5 жұмыс күнінен асырмай хабарлама жіберуге мүмкіндік береді, хабарландыру статусы – «Жарияланды (өтінімдерді қабылдау)». Ұйымдастырушы сатып алуды болдырмау жолымен бұзушылықты жоюға тиіс.  

Үшінші бағыт бойынша: жүйе камералдық бақылауды жүзеге асыруға және алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік береді, хабарландыру статусы – «Жарияланды (өтінімдерді толықтыру)». Ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарауды енгізу жолымен бұзушылықты жоюға тиіс.

Төртінші бағыт бойынша: жүйе камералдық бақылауды жүзеге асыруға және шағым беру мерзімі аяқталғанға дейін қорытындылар хаттамасын орналастырған сәттен бастап лоттар бойынша хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Камералдық бақылауды жүзеге асыру бірінші, екінші және үшінші бағыттар бойынша ғана іске асырылды.  Осыған байланысты хабарламалар осы үш бағыт бойынша ғана бұзушылықтарды жою үшін жіберіледі.  Төртінші бағыт бойынша хабарламалар тиісті функционалды әзірлегеннен кейін жіберілетін болады.

Хабарламамен танысу

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібергеннен кейін, жүйе хабарламаны МС порталында танысу үшін көрсетеді.

Егер оқылмаған хабарландыру (-лар) болса,  қолданушылардың барлық әрекеттерін бұғаттайды. «Таныстырылды» батырмасы басылмайынша, әрі қарайғы әрекет қолжетімсіз болады. Бірнеше хабарлама болған кезде «Таныстырылды» батырмасын олардың әрқайсысында басу керек. Хабарламамен МС ұйымдастырушының ұйымындағы МС порталында тіркелген кез келген қызметкер таныса алады.

Хабарламаның орындалу мерзімі – хабарлама жеткізілген күннен бастап 10 жұмыс күні.

Егер құжаттамаға өзгерістер енгізу жолымен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілсе, бұзушылықты жою бірінші бағыт бойынша құжаттаманы талқылау аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады.  

Егер бірінші және екінші бағыттар бойынша сатып алуды жою жолымен бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілсе, бұзушылықты жою хабарлама жіберілгеннен кейін бірден қолжетімді болады.   Егер үшінші бағыт бойынша АРХ-ны қайта қарау жолымен бұзушылықты жою туралы хабарлама жіберілсе, АРХ-ны қайта қарау өтінімді толтыру аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді болады.  

Хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін жүйе хабарлама статусын «Орындалмады. Таныстырылды» немесе «Орындалмады. Таныстырылмады» деп өзгертеді. Бұл ретте жүйе хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін тек қана сатып алуды жою жолымен хабарламаны орындауға мүмкіндік береді. «Хабарламалар журналында» хабарламаның орындалуының аяқталу мерзімі, бұзушылықты жою тәсілі, сондай-ақ күнтізбелік күндердегі хабарламаны орындау аяқталғанға дейінгі қалған күндердің саны көрсетіледі.

Бір лот бойынша бір хабарлама жіберіледі. Яғни егер хабарландыруда бірнеше лот болса және  барлығынан бұзушылық табылса, онда әрбір лотқа жеке хабарлама жіберіледі.  

Хабарламамен танысу үшін  «Қарау» батырмасын басу керек. Хабарламаның ашылған нысанында хабарлама мәтінімен танысып,  «Таныстырылды» батырмасын басқан жөн. Егер сіз аталған батырманы баспасаңыз және  қайтадан кейін қарай хабарламаға оралсаңыз немесе  бетті жапсаңыз, жүйе порталдағы әрі қарайғы әрекетті орындауға мүмкіндік бермейді.

Келісуге қарсылықты жасау және жіберу

МІАД-ға жіберілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, жүйе Мемлекеттік ішкі аудит комитетіне қарсылық жіберуге мүмкіндік береді.  Қарсылық жіберу үшін «Хабарламалар журналындағы» «Қарсылық» батырмасын басу керек. 

Хабарлама бұзушылық анықталған әр лотқа жіберіледі. Келіспеген жағдайда жүйе  хабарламаның бір бөлігіне қарсылық жіберуге, бір бөлігін орындауға мүмкіндік береді.

Егер хабарландырудың статусы «Таныстырылды» болса, жүйе хабарлама жеткізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге мүмкіндік береді.

Жүйе «Келісуге № {қарсылық нөмірі} қарсылықты жасау және жіберу» нысанын бейнелейді. Толтыру керек:

- қарсылықтың орыс тіліндегі сипаттамасын;

- қарсылықтың қазақ тіліндегі сипаттамасын;

- келісушіні.

Жүйе қарсылық сипаттамасын тек қана орыс тілінде немесе тек қана қазақ тілінде толтыруға мүмкіндік береді. Орыс және қазақ тілдерінде бірдей толтыру міндетті емес. «Келісуші» өрісінде жүйе келісуші қарсылықты таңдауға мүмкіндік береді.

 «Жоба»/«Қабылданбады» статусымен сақталған қарсылықты қарау, редакциялау немесе жою үшін «МІАК/ МІАД жұмыс кабинеті» – «Қарсылық журналы» тарауына өту керек.

Келісуші қарсылыққа қол қойғаннан кейін жүйе мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

1. Мемлекеттік ішкі аудит комитетіне қарсылық жібереді.

2. Қарсылық статусын «Жеткізілді» статусына өзгертеді.

3. Жеткізу күні мен уақытын белгілейді.

4. Хабарламаны орындаудың қалған уақытын тоқтатады.

5. Хабарлама статусын «Қарсылықта» статусына өзгертеді.

6. Хабарламаны орындауға қолжетімділікті жабады.

МІАК қорытындысы жіберілгеннен кейін:

1. Егер қорытынды «Дұрыс» деп танылса, жүйе қарсылық статусын «Дұрыс» статусына өзгертеді, ал хабарлама статусын «Орындалды. Дұрыс қорытынды» статусына өзгертеді және хабарламаны орындау мүмкіндігін жабады: сатып алуды жою, құжаттамаға өзгеріс енгізу, алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау, бағытына қарай қорытындылар хаттамасын қайта қарау жолымен.

2. Егер қорытынды «Теріс» деп танылса, жүйе қарсылық статусын «Теріске» өзгертеді, хабарлама статусы «Орындау. Теріс қорытынды» болып қалады, «Хабарламалар журналында» хабарламаны орындау мерзімінің қалған уақытын есептеу жаңғыртылады. Жүйе орындау мерзімінің датасын  орындауға дейінгі қалған жұмыс күндерінің санына ұлғайтады.

Хабарлама негізінде бұзушылықтарды жою тәсілдерін  Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесінен табуға болады.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль