Залалдарды өтеу кезінде өнім берушінің құқығын қорғау 2-б.

3
Залалдарды өтеу кезінде өнім берушінің құқығын қорғау 2-б.
Романов Андрей
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Уәкілетті орган жүргізген тексерістің қорытындылары мен нәтижелері.

Тексеру нәтижесі бойынша уәкілетті орган тапсырыс берушінің кінәсінен болған мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мынадай бұзушылықтарын белгілейді:

– мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу сомасы ҚҚС-ты есепке ала отырып көрсетілді;

шарт қазынашылық органдарында тіркелмеген;

шарт заңсыз бұзылды.        

Уәкілетті орган жүргізген тексеру қорытындысы бойынша тапсырыс берушінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және олардың болуына жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарым жіберілді. Өз кезегінде өнім берушіге ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 14-тарауына сәйкес сот органдарына жүгіну туралы ұсыным берілді.

Сот шығындарды өндіруден бас тарта отырып, тапсырыс берушінің әрекетіне ешкім шағым жасамағанын және күші жойылмағанын меңзеді. Өз дәлелдерінің негізінде 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 12-тармағына сүйенді. Аталған тармақта, Заңның 45-бабына сай, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, уәкілетті органға шағым беру арқылы, АІЖК-нің 27-тарауының нормаларына сәйкес сот тәртібімен шағым жасауға құқылы екені айқындалған. Дәлелдер негізінде 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабының 3-тармағына сілтеді: «әрекет тоқтатылғанға дейін құқықтық актіні осы құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган немесе сот тоқтатуы, өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін».

Аталған жағдайда, уәкілетті органның жазбаша жауабына сүйене отырып, өнім беруші келесі жағдайлар мен дәлелдерді талаптың уәждемесі ете отырып, шығындарды өндіріп алу туралы тапсырыс берушіге қатысты талап арызбен сотқа жүгінеді. Тексеру  шарттың негізсіз бұзылғанын анықтады, ал тапсырыс берушіге орын алған бұзушылықтарды жою туралы бұйрық жіберілді. Демек, тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтерді қабылдаудан бас тартуына байланысты өнім беруші мына шығындар бойынша келтірілген залалдарды өтеу құқығына ие:

– мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін қабылданған жұмыскерге жалақы төлеу бойынша;

– міндеттемені орындауды аяқтау үшін тартылған тағы да 3 маманға өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша сыйақы төлеу бойынша.

Талап арыз талаптарымен келіспеген тапсырыс беруші өнім берушінің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілгенін меңзеді, ал бұл, оның ойынша, шартты бұзуға негіз болып табылады.

Алайда ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 272-бабының талаптарына сәйкес мiндеттеме – мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Сот Шартты тапсырыс беруші негізсіз бұзды деп таныды, ал өнім беруші ҚР АК 9-бабының 4-тармағына сәйкес өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн ішінара талап ете алады. Соттың пікірінше, өнім беруші келтірген залалдар тапсырыс берушінің шартты бұзу сатысына дейін ғана өтеуге жатады. Шартты бұзғаннан кейін келтірілген залалдарды өтеу үшін өнім беруші, соттың пікірінше, бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге тиіс болатын.

Бұл ретте сот уәкілетті органның тапсырыс берушіге шартты біржақты бұзудан туындаған бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарған жағдайын назарға алмады. Демек, өнім берушінің құқығы шығындарды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуді ұсынған мемлекеттік органның актісімен қалпына келтірілді.

ҚР АК 9-бабының 2-тармағына сәйкес бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.

Азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес сот өнім берушінің құқығын қорғауға өкілетті жалғыз орган емес.

Растама үшін кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын келтіруге болады.  

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін (ҚР Кәсіпкерлік кодексі 300-бабының 2-тармағы).

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін (ҚР Кәсіпкерлік кодексі 303-бабының 2-тармағы).

Кәсіпкерлер құқығын қорғаудың соттан тыс нысандарының бірі 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында бекітілген. Аталған Заңның 5-бабында былай делінген: «Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады».

 Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару.

Мемлекеттік органның актісін орындау, сот шешімін орындау сияқты, міндетті сипатқа ие, ал оның орындалмауы заңдық жауапкершілікке әкеп соғады.

Цитируем закон! Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болады («Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңы 25-бабының 3-тармағы).

Осылайша, өнім берушінің құқығын қорғаудың соттан тыс нысаны мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының биліктік өкілеттіктерін айқындайтын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңында белгіленген. Демек, тапсырыс берушінің әрекеті заңсыз деп танылуға тиіс және ол өнім беруші құқығының бұзылуына алып келген жайттарды жоюға міндетті. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль