Залалдарды өтеу кезінде өнім берушінің құқығын қорғау 1-б.

5
Залалдарды өтеу кезінде өнім берушінің құқығын қорғау 1-б.
Романов Андрей
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Бұл мақалада шартты негізсіз біржақты бұзу жағдайын қарастырамыз.

Бұрынырақ біз залалдарды сотпен өндіріп алу туралы материал жариялағанбыз. Бұл мақалада тапсырыс берушінің шартты негізсіз бұзуы туралы соған ұқсас жағдайды қарастырамыз. Белгілі болғандай, мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган мен экономикалық соттың өнім берушінің құқықтарын қорғау табиғаты және тапсырыс берушінің шартты негізсіз біржақты бұзу жолымен өз міндеттемелерін бұзған жағдайда оларды қалпына келтіру тәсілдері туралы түсініктері әртүрлі.

2016 жылғы 29 қаңтарда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасы негізінде өнім беруші мен тапсырыс беруші арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды.

Шарттың 8.1-тармағында оның тапсырыс беруші ҚР Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшесінде тіркегеннен кейін күшіне енетіні анықталған.

Тапсырыс беруші (КММ) жоғарыда аталған тапсырманы орындамады, сол арқылы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабының талаптарын бұзды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші оған қол қойғаннан кейін не соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді (Заңның 46-бабының 1-тармағы).

Заңның 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Демек, Заңның жоғарыда аталған нормасы басқа нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде бюджет заңнамасына сүйенеді.

Внимание! ҚР Бюджет кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

ҚР Бюджет кодексінің 96-бабының 7-тармағында шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылатыны айқындалған.

Тапсырыс беруші жасалған Шартты тіркемегеннен бөлек, 2016 жылы 12 маусымда өнім беруші жұмыскерінің электрондық поштасына Шартты бұзу туралы хат жіберді.

Бұзудың негізі өнім берушінің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне басқа сатып алу бойынша енгізілуі болып табылады. Бұдан әрі өнім беруші жоғарыда көрсетілген тізілімнен шығарылды. Тапсырыс беруші шартты бұзғаннан кейін көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бұрын бөлінген қаражат аудандық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес алынып тасталды.

Өнім беруші өз тарапынан тапсырыс берушінің әрекеті заңсыз екендігіне сене отырып, өз міндеттемесін тиісінше орындауды жалғастырды. Өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін, өнім беруші уәкілетті органға шағымданды.

Келесі мақаладан оқыңыз: тексеру нәтижесі бойынша уәкілетті орган қандай бұзушылықтарды белгіледі және қандай шешім қабылданды?

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль