text
MCFR.KZ Госзакупки

Тапсырыс берушінің төлем бойынша міндеттемелерін орындамауы

  • 17 мая 2018
  • 24
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Тапсырыс берушінің төлем бойынша міндеттемелерін орындамауы

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемесін өнім беруші орындаса, ал тапсырыс беруші шартта белгіленген мерзімде төлемді жүргізбесе, не істеу керек?

Тәжірибе жүзінде шарт талаптарын бұзушылықтың басым көпшілігі өнім берушілер тарапынан болады, мұндай жағдайда тапсырыс берушінің не істеуге тиіс екені жете зерттелген. Алайда тапсырыс беруші тарапынан бұзушылыққа жол берілетін жағдайлар да кездеседі.

Өнім берушілер үшін төлем мәселесі ең өткір де өзекті мәселе болып табылады. Сонымен, егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемесін өнім беруші орындаса, ал тапсырыс беруші шартта белгіленген мерзімде төлемді жүргізбесе, не істеу керек?

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт азаматтық-құқықтық шарт болып табылады. Ол бойынша туындаған қатынастарға сәйкес ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) нормалары қолданылады.

 ҚР АК 272-бабының негізінде мiндеттеме – мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Тапсырыс беруші тарапынан шарт бойынша уақтылы төлем жүргізбеу  шарт міндеттемелерін тиісінше орындамау болып табылады.

Тапсырыс беруші төлем бойынша міндеттемелерін орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда өнім беруші тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

Егер шартта тұрақсыздық айыбының мөлшері көзделсе, оның есебі мерзімі өткен күндердің санына байланысты шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта  тұрақсыздық айыбының мөлшері көзделмесе, тапсырыс беруші төлем мерзімін өткізіп алған кезде өнім беруші заңды тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды талап етуге құқылы. Осылайша, ҚР АК 353-бабының 1-тармағына сәйкес ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс.

 Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi ҚР Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша ҚР Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады.

 Заңды айыпақыны өндіріп алу кезінде оның мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

берешек сома × қайта қаржыландыру мөлшері (пайызбен) × мерзімі өткен күндер саны : 365.

 Өнім беруші тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды екі тәсілмен қамтамасыз ете алады:

1) бастапқыда талапты өнім беруші тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбының мөлшерін оны төлеуді тапсырыс беруші соттан тыс тәртіппен жүзеге асыру үшін есептей отырып, наразылық түрінде ұсынуы мүмкін;

2) егер тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын ерікті тәртіппен төлемесе, өнім беруші тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АПК) 29-бабына сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Бұдан бөлек, ҚР АПК 27-бабына сәйкес мұндай азаматтық істер мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.

Талап арызды өнім беруші жауапкердің орналасқан жері бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа ұсына алады.

Талап арыз бірінші инстанциядағы сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат түрінде беріледі.

Талап арызға арыз беруші немесе оның өкілі (талап арызға қол қою өкілеттігі бар болса) қол қояды. Талап арыз электрондық құжат түрінде берілсе, ол арыз берушінің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Өнім беруші талап арызға мына құжаттарды тіркеуі қажет:

– жауапкерлердің және үшінші тұлғалардың саны бойынша талап арыздардың және оған тіркелген құжаттардың көшірмелері;

– мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат;

– өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат;

– арыз берушінің өз талаптарын негіздейтін жағдайын растайтын құжаттар;

– жарғының, куәліктің немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;

– дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі заңда белгіленген немесе шартта көзделген болса, оның сақталғанын растайтын құжаттар.

Талап арызбен бірге заңды тұрақсыздық айыбын сотпен өндіріп алу кезінде ҚР Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы туралы  анықтаманы ұсынуы керек.

Электрондық құжат түрінде берілген талап арызға жоғарыда аталған құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда тіркеледі.

Кінәрат-талаптың және талап арыздың үлгілерін Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесінен таба аласыздар. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение.

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты., а вы получите:
  • доступ к 9 753+ полезных статей
  • 10 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль