Екінші жеңімпазбен шарт жасасу

14
Екінші жеңімпазбен шарт жасасу
Мақалада сатып алудың жеңімпазы шарт жасаудан жалтарды деп танылған жағдайды қарастырамыз. Тапсырыс берушінің әрекеті қандай болмақ?

Сатып алудың жеңімпазы шарт жасаудан жалтарды

04.12.2015 ж. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама мемлекеттік сатып алу веб-порталына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыруға тиіс.

Егер жеңімпаз деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді. Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы оған ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде куәландыруға тиіс.   

Бұл ретте Заңның  44-бабының 1-тармағына сәйкес, егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа мерзімінде қол қоймаса,  тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

ЖҚТ-ге енгізу

Заңның 12-б. 5-т. сүйенсек, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарған, жеңімпаз деп анықталған (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер) әлеуетті өнім берушілердің – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның (ҚР Қаржы министрлігі) әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

Осылайша, тапсырыс беруші мұндай өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арыз беруге тиіс емес, бірақ екінші жеңімпазға шарт жобасын жіберуге міндетті.

Екінші жеңімпазбен шарт жасасу

Заң нормаларында екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу мүмкіндігі жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған жағдайда ғана көзделген.  

Яғни Заңның қолданыстағы редакциясы жеңімпазды белгіленген мерзімде шарт жасауға міндеттейді, ал жеңімпаз қол қоюдан жалтарған жағдайда – екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні міндеттейді.

Бұл жеңімпаз үшін де, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші үшін де қисынды әрі орындаларлық болып табылады. Өз өтінімін немесе баға ұсынысын бере отырып, әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада немесе баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алу кезіндегі хабарландыруда көрсетілген тауар жеткізудің (жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің) белгілі бір мерзіміне есептейді, олар сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін барынша қысқа мерзімде шарт жасау жағдайында орындалады.  

Заңның 12-б. 4-т. 2) т. сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің (екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін білдіреді.

Жоғарыда аталған нормадан көрініп тұрғандай, шарт жасамағаны үшін жеңімпаз үшін де, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші үшін де санкция көзделген.

Мәселен, жеңімпазбен шарт жасалды, жасалғаннан кейін бір ай өткен соң қандай да бір себеппен тиісінше орындалмады. Мұндайда екінші жеңімпазды бастапқы жағдайларда және жалтарғаны үшін тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда (Заңның 12-б. 5-т. көзделгендей) шарт жасауға міндеттеу мүмкін емес.

Заң талабы дәл осыған негізделген, яғни екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу жеңімпазбен шарт жасағаннан кейін немесе тиісінше орындамағаннан кейін емес, жеңімпаз шарт жасаудан жалтарған жағдайда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда  міндеттемелердің орындалу мерзіміне қатысты жаңа талаптармен бірге жаңа сатып алу өткізу керек. 

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль