Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру қорытындылары

16
Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру қорытындылары
Орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу нәтижелері.

Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алудың айтарлықтай бөлігі орталықтандырыла жүргізіледі. Осылайша, жергілікті дәрежеде –  сатып алуларды уәкілетті ұйымдар тиісті деңгейде,  ал республикалық дәрежеде ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Бүгінде сатып алудың түрлі қағидаларының жеткілікті түрде ашық жүргізілмейтіндігі аз айтылып жүрген жоқ. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін, оның ішінде веб-порталды жаңашаландыру үшін үнемі шаралар қабылдап келеді.  Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алудың орталықтандырылған жүйесі өз кезегінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға ғана емес, бюджет шығындарының ашықтығын, оңтайлылығы мен барынша тиімділігін қамтамасыз етуге де ықпал етеді.

Бірыңғай ұйымдастырушылар сатып алуды бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырады. Олардың тізілімін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган – Қаржы министрлігі немесе тиісті әкімдіктер айқындайды.  

Орталық деңгейдегі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құру конкурстар мен аукциондардағы әлеуетті өнім берушілердің санын арттыруға айтарлықтай ықпал етті. Бірыңғай ұйымдастырушы мен тапсырыс берушілер арасында өзара бақылау күшейтілді. Мұның бәрі конкурстық құжаттамада жазылған жасанды шектеулерді азайтуда көрініс тапты.

Адами факторды ескермеске болмайды. Бұл конкурстық комиссия мүшелерінің толыққанды емес объективті шешімдер қабылдауына ғана қатысты емес. Өкінішке қарай, комиссияның барлық мүшелері бірдей қажетті құқықтық біліктілікті ғана емес, «Электрондық мемлекеттік сатып алу» АЖ-де жұмыс істеуге қажетті тиісті техникалық дағдыларды меңгермеген.

Мемлекеттік сатып алудың орталықтандырылған жүйесін енгізудің айқын артықшылығы өткізілетін конкурс шеңберінде ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау кезінде конкурс комиссиясы мүшелерінің кәсіби шеберлігінің жетіспеуі салдарынан туындайтын тәуекелдерді шығарып тастау болып табылады.

Бұдан бөлек, осы жүйенің арқасында өнім берушілер арасында адал бәсекелестік қамтамасыз етілген. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың оңтайлылығы мен тиімділігінің артқаны туралы да айтуға болады.

Егер ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің жалпы сатып алу көлемі бойынша қарайтын болсақ, тауарларды сатып алу көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу үлесін айтарлықтай басып озады.

2015 жылы  Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет – 222 сатып алу, ал 2016 жылы – 1211 сатып алу өткізді және жариялады. Егер  2015 жылы 134 конкурс пен 88 аукцион өткізілсе, 2016 жылы 1019 конкурс пен 192 аукцион өткізілді. Осылайша, көптеген тапсырыс берушілер аталған тәсілдермен (конкурс немесе аукцион) сатып алуға көшті.

Сатып алынатын ТЖҚ-ның саны артқанына қарамастан, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет қаржыны айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізді. Мәселен,  2016 жылы сатып алынатын тауарлар саны 946 бірлікке ұлғайды, бұл реттегі үнем 1545.9 млрд теңгені құрады. Көрсетілетін қызметке келер болсақ, олардың саны 43 бірлікке артты, ал үнем 202 млн теңгені құрады.

2015 жылы 2 939,19 млн теңге сомасына жеңіл автомобильдердің 920 бірлігін 178  мемлекеттік сатып алу өткізілді, бұл ретте шартты үнем 17,02 млн теңгені немесе 0,6 %-ды құрады. 2016 жылы 30 135,5 млн теңге сомасына 3724 бірліктің 1056 сатып алуы кезінде  шартты үнем 595,4 млн теңгені немесе 2,0 %-ды құрады.

Автокөлік құралдарының 90 %-ға жуығы «Агромашхолдинг», «Азия Авто», «Сарыарка Автопром» сияқты қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынды. Қазақстанда арнайы автокөліктің жоқтығынан өзге өнім берушілерден сатып алуға жүгінуге тура келді.

Сатып алынатын автомобильдердің саны ұлғайды. Бұл ретте отандық өнім берушілерден автомобиль сатып алудың айтарлықтай ұлғайғанын айтуға болады: 2016 жылы автомобильдердің 3293 бірлігі қазақстандық өндірістен сатып алынса, 2015 жылы ол 681 бірлік қана болған.

Сөйтіп, автомобиль бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу тетігін енгізу отандық өндірушілер әлеуетін ұлғайтып, олардың өндірісін жаңғыртты. Комитеттің өзі бар-жоғы бір жылдық жұмыс ішінде көрсеткіштерін айтарлықтай арттырды. Болашақта сатып алу санын ұлғайту ғана емес, мемлекеттік қаржыны үнемдеу міндеті де тұр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль