Шарттың орындалу мерзімі

16
Шарттың орындалу мерзімі
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт міндеттемелерін қабылданған міндеттеменің талаптарына сәйкес тиісінше орындауға тиіс.

Тапсырыс беруші мен өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартта, басқа шарттардағы сияқты, шарттың орындалу мерзімі (жұмыстың орындалуы, қызметтің көрсетілуі, тауардың жеткізілуі) көрсетіледі.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-б. 22-т. сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік 15 күн болуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімі оның қолданылу мерзімі болып табылмайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі бюджеттік заңда жеке белгіленген.

Заңның 2-б. 22) тарм. сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 378-б. 1-тарм.  сәйкес екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (Кодекстің 386-б. 1-т.)  

Кодекстің 268-б. сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы өнім берушінің шартта белгіленген мерзімде тапсырыс берушінің пайдасына белгілі бір әрекет жасауын (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау, тауар жеткізу) білдіреді.

Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші бюджет негізінде тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны көрсетілетін жылдық жоспарды әзірлейді және бекітеді. Аталған тармақтың 5) тармақшасында көрсетілгендей, осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері графикке сәйкес әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде жылдар бойынша бөлінеді.  

Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі (ҚР Бюджет кодексінің 3-т. 38) т.). Тапсырыс беруші Бюджет кодексі негізінде ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімін белгілейді.  

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімі оның қолданылу мерзімімен сәйкес келуі мүмкін. Егер жылдық жоспарда шарттың орындалу мерзімі 31 желтоқсаннан ерте белгіленсе, сәйкесінше шартта оның орындалу мерзімі жеке тармақта көрсетіледі.  

Тапсырыс беруші жылдық жоспарға сәйкес шартта өнім берушінің міндеттемені орындау мерзімін көрсетеді,  бұл оның орындалатын күнін немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңiн анықтауға мүмкiндiк береді (Кодекстің 277-бабы).

Заңның 43-б. 22-т. мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік 15 күн болуға тиіс екені көзделген.

Аталған мерзім өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мерзімі болып табылады.

Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауға құқылы (Кодекстің 279-б.).

Тапсырыс беруші Заңның осы талабын бұзған және өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелерін орындауын заңда белгіленген мерзімнен төмен көрсеткен жағдайда, өнім беруші тапсырыс берушінің әрекетіне қаржылық бақылау органына немесе сотқа тапсырыс берушінің әрекетіне шағым жасау туралы талап арызбен шағымдануға құқылы (Заңның 47-б. сәйкес).

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өнім беруші бұзған жағдайда зардаптары қандай болатынын Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль