Әлеуетті өнім беруші-бейрезидент

11
Әлеуетті өнім беруші-бейрезидент
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

Бейрезиденттердің сатып алуға қатысуы

04.12.2015 ж. № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші – мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды,  кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылынан, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік  реттеуден және қолдаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, мұндағы кәсіпкерлік субъектілері ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) да танылады.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.

Бейрезиденттер ұсынатын құжаттар

Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті –  әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті – әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.

Осылайша, мемлекеттік сатып алуға қатысуға қажетті құжаттар тізілімі ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады және Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың таңдалған тәсіліне байланысты.

Бейрезидентпен шарт жасасу

Заңның 43-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидентімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда ресімдеуге жол беріледі.

Заңда мемлекеттік сатып алу туралы шартта қамтылуға тиіс мынадай міндетті талаптар белгіленген:

  • Мемлекеттік сатып алу туралы шартта мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделуге тиіс. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады (Заңның 43-бабының 13-тармағы).

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

3) міндеттемелері тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiсін анықтаған;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талапты қамтуға тиiс (Заңның 43-б. 19-т.).

  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс (Заңның 43-б. 20-т).
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптары қамтуға тиіс (Заңның 43-б. 21-т).
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік 15 күн болуға тиіс (Заңның 43-б. 22-т).

Бұдан бөлек, Заңның 43-б. 5-т. сәйкес, егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта осы шарт бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларды төреліктің қарауына беру көзделсе, оған төрелік келісімнің қорытындысына тиісті саладағы уәкілетті органның жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс.

 Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль