text
MCFR.KZ Госзакупки

Конкурс жеңімпазын шартты жеңілдікті есептей отырып анықтау

  • 5 июня 2017
  • 18
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Конкурс жеңімпазын шартты жеңілдікті есептей отырып анықтау

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің белгілі бір талаптарға сәйкестігін немесе нақты бір жүйені енгізгенін растайтын құжаттардың болуын ескергені жөн

Шартты жеңілдікті есептеу үшін әлеуетті өнім берушіде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі болуынан басқа, конкурстық комиссия конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің белгілі бір талаптарға сәйкестігін немесе нақты бір жүйені енгізгенін растайтын құжаттардың болуын ескергені жөн. Бұл ретте растаушы құжаттардың бір бөлігі нысанына қарамастан барлық сатып алуға жатады, ал құжаттардың бір бөлігі тек тауар сатып алуға жатады.

Олардың болуы шартты жеңілдікті есептеуге әсер ететін жалпы құжаттарға (сатып алудың барлық нысаны үшін) әлеуетті өнім берушінің сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесін енгізгенін растайтын құжаттар жатады.

Қағидалардың 157 және 158-тармақтарында көрсетілген жағдайларда шартты жеңілдікті есептеу қалай жүргізілуге тиіс екені көзделген.

Егер әлеуетті өнім берушіде сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын, ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер әлеуетті өнім берушіде қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын, ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Бұл жағдайда әлеуетті өнім берушіге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде аккредиттелген арнайы ұйым берген сапа менеджменті мен қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің сәйкестігі туралы сертификаттар растаушы құжаттар болып табылады.

 Тауарларды сатып алу үшін шартты жеңілдікті есептеуге қатысты жоғарыда келтірілген құжаттардан басқа, әлеуетті өнім берушіде тағы бірнеше құжаттардың болуы әсер етеді.

Қағидалардың 156-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын, ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Ал Қағидалардың 159-тармағына сәйкес егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылған тауарлардың экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын, ҚР заңнамасына сәйкес өндірушіге берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Бұл екі жағдайда да әлеуетті өнім берушіге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде аккредиттелген арнайы ұйым беретін сәйкестік сертификаттары растаушы құжаттар болып табылады.

Бұдан бөлек, Заңның 21-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында конкурстық өтінімде шартты жеңілдікке әсер ететін тағы бір құжаттың болуы көзделген. Бұл – Қазақстан Республикасы аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан өндірілген тауарларға ерікті сәйкестіктен өткенін растайтын құжат. Алайда, Заңда аталған талапқа сілтеменің бар болғанына қарамастан, Қағидаларда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасы аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан өндірілген тауарларға ерікті сәйкестіктен өткенін растайтын дәл қандай шартты жеңілдікті алуға тиіс екені белгіленбеген.

Егер бұл жағдайда, Қағидалардың 156-тармағындағыдай, сөз тек екінші шикізаттан (қалдықтардан) өндіріліп қойған ұсынылатын тауарларға ерікті сәйкестікті (сертификациялау) растау туралы болып отырса, онда конкурстық комиссия тағы да екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындауға тиіс деп болжауға болады. Бірақ анық сенімді болу үшін ресми дәлелдеу мақсатында уәкілетті органға (ҚР Қаржы министрлігі) жүгінген жөн.

 Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының өлшемшарттарын қолдану

Қағидалардың 162-тармағында көрсетілгендей, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының өлшемшарттары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының (ол болған жағдайда) қорытындысына сәйкес қолданылады. Аталған өлшемшарт бірнеше сипаттамадан тұрады, олардың әрқайсысының болуы үшін шартты жеңілдіктің белгілі бір пайызы көзделген.

Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан (10 %) аспауға тиіс. Бұл егер тіпті белгілі бір әлеуетті өнім берушінің конкурс өтінімінің келтірілген барлық сипаттамалары бойынша шартты жеңілдік пайызының алынған мәні он пайыздан (10 %) асқан күнде, конкурстық комиссия он пайыздан (10 %) асатын шартты жеңілдікті тағайындай алмайды дегенді білдіреді.

Қағидалардың 163–167-тармақтары ережелерінде конкурс өтінімінің шартты жеңілдік есебіне тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жоғарыда берілген барлық сипаттамалары үшін техникалық ерекшелікте айқындалған шектер мен параметрлердің асып кетуі қалай әсер ететіні белгіленген.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың шекті мүмкіндігінен асқан жағдайда, конкурстық комиссия әр мүмкіндігі үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейтіні көзделген. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3 %) аспайды.

Өз кезегінде, егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімінде ұсынылған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары конкурс құжаттамасының техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің параметрлерінен асып кетсе (жақсартса), конкурстық комиссия әрбір асып кеткен параметр үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3 %) аспауға тиіс.

Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің талаптарынан және мақсаттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес (5 %) пайыз белгілейді. Осылайша, аталған өлшемшарт болған жағдайда бес пайыз (5 %) белгіленеді, егер ол жоқ болса – бұл шартты бағаға еш әсерін тигізбейді.

Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде жазылған тауарлардың пайдалану сипаттамалары (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау талаптары, пайдалану шығындары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу) олардың конкурстық өтінімінің құрамында конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптардан асып кетсе (жақсартса), конкурстық комиссия әрбір асып кеткен талап үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3 %) аспауға тиіс.

Егер сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысы жоқ болса, Қағидалардың 163–166-тармақтарында көзделген өлшемшарттарды конкурстық комиссия қолданбайды (Қағидалардың 167-тармағы).

Конкурс жеңімпазын анықтау

Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға ұсынған барлық өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс өтінімінің шартты жеңілдігін дұрыс есептеу үшін әрбір конкурстық баға ұсынысына жоғарыда қарастырған өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдануға тиіс.

Әрі қарай, мемлекеттік сатып алудың веб-порталы конкурстық баға ұсыныстарын ашқаннан кейін, веб-порталдың өзі конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын айқындайды.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс мәні болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (әлеуетті өнім беруші) деп танылады.

Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты