Жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдік есебі

13
Жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдік есебі
Конкурстық комиссия қандай мөлшерде шартты жеңілдік береді? Шартты жеңілдіктерді алу үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің шартты жеңілдіктерін есептеу кезінде ең алдымен ескеретіні – сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі.

Қағидалардың 154-тармағынан шығатыны, конкурстық комиссия сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің әр жылы үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде, бірақ бес пайыздан артық емес шартты жеңілдік тағайындайды.

Конкурсқа қатысу өтінімінің шартты бағасына аталған өлшемшарттың жиынтық пайыздық әсері 5 %-дан аспайды.

Сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық ықпал конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес айқындалады. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің біліктілік туралы мәліметтер нысанында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы мәліметтерді негіз етіп алады. Бұл ретте әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеуі қажет.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар

қызметтер нарығында

көрсетілетін қызметтердің актілері мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері

тауарлар нарығында

тауарларды қабылдау актілері мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері

Растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

Егер әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттарды тіркемесе, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне шартты жеңілдікті тағайындамауға тиіс.

Жұмыс тәжірибесі жөніндегі шартты жеңілдік есебі

Жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуға келетін болсақ, мұнда жұмыс тәжірибесі жөніндегі шартты жеңілдік есебінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі осындай есептерден аздап айырмашылығы бар.

Қағидалардың 155-тармағында белгіленгендей, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.

Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Егер конкурс нысаны құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылса, шартты жеңілдік есебі осындай ұстаным бойынша жүргізіледі. Мұнда да конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

Мәселен, әлеуетті өнім берушіде бір күнтізбелік жыл ішінде, айталық, бір жағынан, құрылыспен байланысты, екінші жағынан оған қатысы жоқ бір-бірінен алшақ үш жеке-жеке жұмыс орындалды делік. Мұндай жағдайда конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіге бір бүтін оннан төрт пайыз (1,4 %) мөлшерінде шартты жеңілдік (көрсетілген күнтізбелік жыл) тағайындауға тиіс.

Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесіне қарағанда сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс өтілінің болуы конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына аталған өлшемшарттың жиынтық пайыздық әсері 10 %-дан аспауы ескеріле отырып есептеледі.

Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсер конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте сатып алынатын жұмыстар бойынша біліктілік туралы мәліметтерде өткізілетін конкурстың нақты мәніне байланысты әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесін растайтын құжат түрлері бойынша бөлу көзделген.

1. Осылайша, егер конкурс нысаны жаңа объектілердің құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық жарақтандыру, жаңғырту, қайта құру, қалпына келтіру және күрделі жөндеу болса, жұмыс өтілін растайтын құжаттар орындалған жұмыстарды қабылдау және пайдалануға берілген объектілерді қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады. Егер әлеуетті өнім берушінің мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар болса, онда да орындалған жұмыстарды қабылдау және пайдалануға берілген объектілерді қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады.

2. Конкурс нысаны жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу болса, жұмыс тәжірибесін растайтын құжат сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

3. Егер конкурс нысаны құрылысқа қатысы жоқ жұмыстың басқа түрлері болса, жұмыс тәжірибесін растаушы құжат орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.

Сонымен бірге біліктілік туралы мәліметтерде бірнеше ерекшеліктер қамтылады, оларды конкурстық комиссия құрылыспен байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде растаушы құжаттарды тексеру процесінде міндетті түрде назарға алуға тиіс:

 – егер конкурс нысаны жаңа құрылыс болса, тек қана жаңа объектілер құрылысындағы жұмыс тәжірибесі есепке алынады;

– егер конкурс нысаны кеңейту, жаңғырту, техникалық жарақтандыру және қалпына келтіру болса, күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілер құрылысындағы, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық жарақтандыру және қалпына келтірудегі жұмыс тәжірибесі есепке алынады;

 – егер конкурс нысаны күрделі жөндеу болса, жаңа объектілер құрылысындағы, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық жарақтандыру және қалпына келтірудегі жұмыс тәжірибесі есепке алынады.

Бұдан бөлек, құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есепке алу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ҚР заңнамасына сәйкес анықталған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық қатары (құрылыс түрі бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы мен үйлестігі) және олардың техникалық күрделілігі есепке алынады.

Құрылыс жұмыстарын сатып алу бойынша конкурс өткізетін мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін есептеуге арналған жоғарыда келтірілген мәліметтерді дұрыс анықтау және ескеру үшін, штатта құрылыс жұмыстарының қыр-сырын білетін білікті мамандар болуға тиіс. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау процесіне ұйымдастырушы сарапшыны немесе сараптау комиссиясын тарту керек.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегідей, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті бере алмайды.

Қағидалардың 161-тармағына сәйкес конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін қарайды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль