Шартты баға (жеңілдік) есебі

17
Шартты баға (жеңілдік) есебі
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Шартты баға (жеңілдік) ұғымы және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар

Мемлекеттік сатып алуда шартты баға есебі (жеңілдіктер) қазіргі кезде қалай жүріп жатқанын қарастырмас бұрын, «шартты баға» немесе «шартты баға жеңілдігі» түсінігіне жүгінеміз.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 32) тармақшасына сәйкес шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға.

Көрсетілген анықтамадан белгілі болып тұрғандай, аталған ұғым тек конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға жатады. Мемлекеттік сатып алудың қалған тәсілдеріне шартты баға қолданылмайды.

Шартты баға (жеңілдіктер) ұғымының анықтамасынан шығатыны, әрбір конкурстық құжаттамада соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемшарттар қамтылуға тиіс, оның ішінде мұндай өлшемшарттардың әрқайсысының салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі қамтылады. Бұл талап сондай-ақ Заңның 21-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген.

Заңның 21-бабының 4-тармағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысына тікелей әсер ететін неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурс қатысушысын анықтау үшін конкурстық құжаттамада қарастыруға міндетті белгілі бір өлшемшарттар белгіленген.

Аталған талапқа мынадай өлшемшарттар кіреді:

1) әлеуетті өнім берушіде болу керек:

– өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі;

– техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарлардың ерікті сәйкестігін растайтын растау құжаты;

– ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйе);

– Қазақстан Республикасы аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізат тауарына ерікті сертификаттауды растайтын құжат;

– ұлттық стандарт талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйе) және (немесе) техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкес растау;

2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) пайдалану шығындары, сатып алынатын тауарларды техникалық қамтамасыз ету және жөндеу.

Шартты жеңілдік есебінің жалпы қағидалары

Конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәнінің есебі, демек, шартты баға есебі ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.

Қағидалардың 11-параграфында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші (конкурстық комиссия) конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау және конкурс жеңімпазын анықтау процесінде шартты баға есебін қалай жүргізуге тиіс екені туралы мәліметтер қамтылған.

Қағидалардың 153-тармағына сәйкес конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы жасау кезінде конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қарай Заңның 21-бабының 4-тармағы негізінде конкурстық құжаттамада көзделген жоғарыда аталған өлшемшарттарға сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды. Конкурсқа қатысуға бір ғана ұсыныс берілген жағдай қосылмайды.

Әлеуетті өнім беруші аталған өлшемшарттарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдікті қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдік есебін қалай шығару керектігі келесі мақалада қарастырылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль