Күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау

51
Күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау
Вишнева Наталья Георгиевна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 31-тармағына сәйкес күрделі жөндеу құрылыс қызметіне жатады. 2016 жылдан бастап тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалаудың қабылдауының ресми түрде жарияланған әдісі енгізілді және объектілерді пайдалануға берудегі комиссиялық қабылдау толығымен алынып тасталды. Салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және осы Заңмен реттеледі

ҚР АК 663-бабына сәйкес (ерекше бөлім) жұмыс нәтижесін тапсыру және қабылдап алудың тәртібі белгіленді:

1

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалған жұмысты не, егер бұл шартта көзделсе, жұмыстың бір кезеңін тапсыруға дайын екендігі туралы мердігердің хабарын алған тапсырысшы дереу оның нәтижелерін қабылдауға кірісуге міндетті.

2

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастырады және жүзеге асырады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.

3

Жұмыстың жекелеген кезеңдерін алдын ала қабылдаған тапсырысшы оның мердігердің кінәсінсіз жойылу немесе бүліну қаупін мойнына алады, бұған оның ішінде шартта жұмысты мердігердің тәуекелімен орындау көзделген жағдайлар да кіреді.

4

Мердігердің жұмыс нәтижелерін тапсыруы және тапсырысшының оны қабылдауы екі тарап, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері де қол қойған актімен ресімделеді. Тараптардың бірі актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы белгі қойылып, актіге екінші тарап қол қояды.

Жұмыс нәтижелерін біржақты тапсыру немесе қабылдау актісін актіге қол қоюдан бас тарту себептерін сот негізсіз деп таныған жағдайда ғана сот жарамды деп тануы мүмкін.

5

Бұл заң актілерінде немесе шартта көзделген не құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипатынан туындаған жағдайда, оның нәтижелерін қабылдауға алдын ала сынақ жұмыстары жүргізілуге тиіс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерін қабылдау алдын ала жасалған сынақтың нәтижелері оң болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

6

Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалану мүмкін болмайтын кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Қабылдау кезінде өзге кемшіліктер анықталған жағдайда олар туралы осы баптың 4-тармағында көзделген актіде көрсетілуге тиіс.

7

Салынған объектілерді заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қабылдауға тиіс.

Сапасыз салынған объектілер пайдалануға қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 Бұдан бөлек, объектілерді пайдалануға қабылдау және беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар Заңның 73-бабында көзделген.  Қазіргі кезде қолданыстағы заңда жұмыс комиссиясы мен қабылдау комиссиясы деген ұғымдар жоқ, ал объектіні пайдалануға қабылдау процесін тек төмендегідей тараптар жүзеге асырады: тапсырыс беруші; құрылыстың аяқталуы бойынша тапсырыс берушіге сәйкестік туралы декларацияны беретін мердігер;

құрылыстың аяқталуы бойынша тапсырыс берушіге

құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы

қорытындыны беретін техникалық қадағалау;

құрылыстың аяқталуы бойынша тапсырыс берушіге орындалған жұмыстардың жобаға сәйкес екендігі туралы қорытындыны беретін авторлық қадағалау.

Демек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өртке қарсы қызмет органдары да, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары және т. б. мемлекеттік органдар , тіпті жергілікті атқару органдары да салынған құрылысты пайдалануға қабылдау процесіне қатыса алмайды, яғни барлық көрсетілген органдар объектіні әрі қарай пайдалану процесінде туындайтын проблемаларға жауап бермейді.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қабылдау процесіне тікелей қатыспайды, тек техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау жолымен қадағалап отырады, сондай-ақ Тараптардың құрылыс барысындағы бұзушылықтары туралы өтініштеріне құлақ асады.

Осылайша, құрылысы аяқталған объектілер бекітілген жобаға сәйкес толық дайындықпен пайдалануға қабылданады. Мердігер тапсырыс берушіні объектінің пайдалануға қабылдауға дайын екені туралы хабардар еткеннен кейін, тапсырыс беруші мердігерден сәйкестік туралы декларацияны, техникалық және авторлық қадағалаудан орындалған жұмыстың сапасы туралы қорытындыны және олардың бекітілген жобалық шешімге сай екендігі туралы үш күн ішінде ұсынылуға тиіс қорытындыны сұрайды.

Тапсырыс беруші ұсынылған құжаттар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалармен бірге атқарушы техникалық құжаттаманы ондағы заттар мен жиынтықтарды түгелдей отырып тексеруге,  сәйкес акті бойынша объектіні қарап, пайдалануға қабылдап алуға міндетті.

Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi. Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.

Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда, салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды меншiк иесi (тапсырыс берушi, инвестор, құрылыс салушы) өз бетінше жүргiзедi.    

Құрылысы аяқталмаған объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру кезiнде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiлуге жатады. Қабылдау актiсiн бекiтудi тапсырыс берушi жүргiзедi. Тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн бекiткен күн объектiнiң пайдалануға берiлген күнi деп есептеледi.

Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

Объект бұзушылықтармен және құрылыстағы шалағайлықтармен пайдалануға қабылданған жағдайда, объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

Объектiнi пайдалануға қабылдауға қатысушылардың мiндеттерi

1

құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын анықтау және құжаттамалық растау;

2

орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының және монтаждалған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтың белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн бағалау;

3

жұмыстарды орындаушының бекiтiлген жобаның нормативтiк талаптарын сақтау бойынша не ауытқулардың бар-жоғы бойынша iс-қимылын белгiлеу және оларды мемлекеттiк нормативтерде белгiленген тәртiппен келiсу;

4

объектiнiң қолданысқа енгiзiлетiн қуатының (сыйымдылығының, өткiзу қабiлетiнiң) жобада бекiтiлген көрсеткiштерге сәйкестiгiн белгiлеу;

5

сәулет-құрылыс, инженерлiк және технологиялық шешiмдердiң, сондай-ақ тұтастай объектiнiң прогрессивтiлiгiн бағалау;

6

монтаждалған технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелердi бақылап сынамалау мен сынақтар жүргiзу;

7

объект пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тапсырыс берушiге тиiстi уәжді қорытынды беру кiредi.

Сондай-ақ, 7-тармаққа сәйкес, объектiнi пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса, салынған объектiнi пайдалануға жол берiлмейдi.   

Бекітілген жобалық шешімдерді және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылық, сондай-ақ бұрыс қорытындылар анықталған жағдайда тапсырыс беруші мердігер бұзушылықтарды жойғаннан кейін ғана объектіні пайдалануға қабылдайды.  Бұдан бөлек, пайдалануға қабылдау актісін заң органдарында тіркегенге дейін тапсырыс беруші есептік тіркеу үшін сәулет және қала құрылыс органдарына бекітілген актіні жібереді.

Заң органдарында пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі сәулет және қала құрылысы органдарында есептік тіркеуден кейін ғана тіркеледі.

Сонымен қатар мынаны айта кету керек, пайдалануға қабылдаудың актісі бекітілгеннен кейін тапсырыс беруші үш күн ішінде сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және қабылдаудың бекітілген актісін мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау органдарына жіберуге міндетті.

Айта кетейін, объектілерді пайдалануға қабылдаудың ресми жарияланған әдісін енгізу құрылыстың тікелей қатысушылары: тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалаудың жеке жауапкершілігін артыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте назарларыңызды мынаған аударайын, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібін бұзушылық үшін әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық та көзделген.       

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес:

құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысаны;

орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың нысаны;

сәйкестік туралы декларацияның нысаны;

объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандары бекітіледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль