Конкурстық құжаттаманы әзірлеу

34
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу
Конкурстық құжаттаманы қалай дұрыс құру керек? Әлеуетті өнім беруші қандай біліктілік талаптарына сай болуы керек?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.

Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжірибесінің болуы.

Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптарынан басқа, мыналар:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық өзіндік ерекшелігі қамтылуға тиіс. Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;

3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;

5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

6) төлем шарттары және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады;

8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;

9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;

10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

11) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, оның мазмұны мен түрлері;

12) әлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету;

13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі және соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;

14) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тәртібі;

15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;

16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;

17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкілдік етуге уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;

18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;

19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль