Демпингтік бағаны анықтау

51
Демпингтік бағаны анықтау
Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы демпингтік деп танылады

Демпингтік баға түсінігі – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға.

Бірінші кезекте демпинг тек ашық конкурста ғана бар екенін есте ұстау қажет. "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, демпингтік баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада және техникалық-экономикалық негiздемеде көрсетілген бағамен салыстырғанда төмен баға. Техникалық-экономикалық негiздеме және жобалық-сметалық құжаттама даярлау жөніндегі жұмыстардың бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағадан төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады. 

Конкурстық өтінімдегі демпингтік бағаны анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қағидаларының 5-тарауының 13-параграфындағы 174–178-тармақтарда көрсетілген. 

Қағидалардың тармағы

Егер баға

%-дан астам төмен болса

174

ТЭН-де (ЖСҚ даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда.

Мәселен: ЖСҚ үшін 140 мың тг. бөлінсе, онда 140 мың – 5% = ең төменгі – 133,3 мың, егер төмен болса, онда демпинг.

Егер өнім берушінің бағасы 100  мың тг. болса, онда өнім берушінің қосымша енгізген сомасы 33,3 мың тг. құрайды.

5

175

ТЭН, жобалау-сметалық (үлгілік ЖС) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97899 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда.

Мәселен: қала құрылысы жобасына есептелген сома 15 млн.тг. болса, онда 15 млн. – 10% = 13,636 млн – ең төменгі, егертөмен болса, онда демпинг.

Егер өнім берушінің ұсынған сомасы 12 млн.тг. болса, өнім берушінің қосымша енгізген сомасы 3,636 млн.тг. құрайды.

10

175-1

Әлеуетті өнім берушінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына сәйкес белгіленген бағадан төмен болмауға тиіс.

Белгіленген бағадан төмен

176

Әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астамға төмен болған жағдайда.

10

177

Осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң бағасы конкурсқа бөлінген бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.

Мәселен: көрсетілетін қызметтерге бөлінген сома 2,5 млн.тг.

2,5 млн.тг. - 70%=1,47 млн.тг. – ең төменгі, аз болса – демпинг.

Өнім берушінің бағасы 1,3 млн. тг., қосымша сома 0,17 млн.тг. құрайды.

70

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 405-тармағы негізінде тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады, тиісінше тапсырыс беруші осы мерзімде Заңның 26-бабына сәйкес демпингке қарсы енгізілген шаралар бойынша соманы қайтаруды жүргізуге тиіс.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль