Әлеуметтік тапсырыс. 2-бөлім. Гранттар беру

23
Әлеуметтік тапсырыс. 2-бөлім. Гранттар беру
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың құрамдас бөлігінің бірі гранттар болып табылады.

12.04.2005 ж. № 36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)6-1-бабының 1-тармағына сәйкес гранттар бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік және жеке және заңды тұлғалар, халықаралық, шетелдік ұйымдар ерікті негізде бюджеттен тыс көздерден беретін мемлекеттік емес болып табылады.

Гранттар грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар, оператор әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға беріледі.

Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына (бұдан әрі – Дерекқор)енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

Грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады.

Дерекқорменwww.register-ngo.kz сайтында танысуға болады.Аталған сайтта Қазақстан ҮЕҰ тізілімі орналастырылған.

Тізілім қазақстандық ҮЕҰ қызметінің ашықтығын оның барлық сатыларында: ұйымды тіркеуден бастапіске асырылатын жобалар мен тұтас алғанда қызмет бағытына дейінқамтамасыз етеді.

Азаматтар өзінің аймағындағы ғана емес, жалпы елдегі қоғамдық ұйымның қызметі туралыкөбірек біле алады.

Тізілім бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, қазақстандық «үшінші сектордың» дамуына ықпал етеді.

Аталған сайтта талап етілетін ұйымның атауын, мақсатты аудиторияны, ұйымдық-құқықтық нысанды, қызмет бағыты мен өңірді көрсете отырып, сіз Қазақстаннның барлық облыстары мен өңірлеріндегі, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардағы өзіңізді қызықтырған ұйымды таба аласыз.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тағы бір жағы оператор болып табылады.

Заңның 6-2-бабында көрсетілгендей:

1. Оператор:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген  жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге;

2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы.

2. Оператор:

1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;

2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1192 «Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) ҚР үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты және түрлері үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

Орталықтың жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің республикалық мүлкі есебінен қалыптастырылған, оған 174 позиция енеді (олардың ішінде: кеңсе жиһазы, компьютерлер, серверлер, принтерлер мен басқа да көптеген заттар бар).

Заңның 6-3-бабына сәйкес:

1.Сыйлықақыларды уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алғаннан кейін береді.

2. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.

      3. Сыйлықақыны алуға сол бір ғана үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық номинация бойынша ұсыныла алмайды.

      4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.

      5. Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.

Қазақстандағы әлеуметтік тапсырыс идеясын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың рөлін жеке атап өту керек. Заңның 4-2-бабына сәйкес мемлекеттік органдар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;

3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және уәкілетті органға береді.

Бұл ретте ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.12.2015 ж. № 406 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 25 шілде және 25 желтоқсан мерзіміне келесі ақпаратты ұсынады:

1) әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда айқындалған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі туралы;

2) әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспар мақсатының индикаторлары, аймақтық даму жоспарларына сәйкестігі туралы;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар, әлеуметтік жобалар шеңберінде тұрғындардың адрестік топтарының қамтылуы туралы;

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар, әлеуметтік жобаларды іске асыруға жоспарланған және жұмсалған бюджет қаражатының көлемі туралы;

5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатыстырылған үкіметтік емес ұйымдар (қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі, қызмет саласы бойынша мамандардың болуы, материалдық ресурстарының болуы) туралы;

6) әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың маңызды әлеуметтік салаларда мақсатына қол жетуіне (әлеуметтік міндеттерді шешуде нақты нәтижелер ықпалы туралы).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

05.07.2014 ж. № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 489-1-бабына сәйкес:

1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы – ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы – ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль