Әлеуметтік тапсырыс. 1-бөлім

36
Әлеуметтік тапсырыс. 1-бөлім
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар тақырыбы қарастырылады.

Қазақстанда аталған мәселе 12.04.2005 ж. № 36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) толық жазылған және заңдастырылған. Ең алдымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс деген не екенін қарастырайық.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға мына бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер жіберіледі:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) демография проблемаларын шешу;

6) гендерлік проблемаларды шешу;

7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11) мәдениет пен өнерді дамыту;

12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;

13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

14) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету бағыты бойынша;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу:

– заңдылық;

– Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

– Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

– үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

– мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне негізделеді.

Әлеуметтік тапсырысты өткізу рәсімінің шеңберіндегі уәкілетті орган ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі болып табылады:

1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді;

2-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

2-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруді жүзеге асырады және оларды беру қағидаларын бекітеді;

2-3) Үйлестіру кеңесін құрады, оның ережесін және құрамын бекітеді;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және оны жүргізу қағидаларын бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;

4-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады;

5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;

6) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;

6-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады;

7-1) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль