Тауарды жеткізу шарттары. Инкотермс

54
Тауарды жеткізу шарттары. Инкотермс
«Тауар» сатып алу мәнін көрсете отырып, лотқа арналған хабарландыру жасау кезінде жеткізу талабын көрсету қажет, ол үшін «Жеткізу шарты» өрісінде пайда болған тізімнен халықаралық Incoterms анықтамалығына сәйкес жеткізу әдісін таңдау керек.

Инкотермс құрамына кіретін барлық терминдер үш әріпті аббревиатура түрінде белгіленген, оның бірінші әрпі міндеттеменің өнім берушіден алушыға өту сәті мен орнын көрсетеді:

  • E(ағыл. departure, жөнелтім). Міндеттеме алушыға тікелей жөнелту кезінде және сәйкесінше, тауарды жіберу орнында ауысады;
  • F(ағыл. main carriage unpaid, негізгі тасымал төленбеген). Міндеттеменің ауысу нүктесітасымалдың негізгі бөлігі төленбей қалған жағдайда тасымалды жөнелту терминалы болып табылады;
  • С(ағыл. main carriage paid, негізгі тасымал төленген). Негізгі тасымалдың төлемі толық көлемде жүргізіледі, міндеттеме жүктің келу терминалына түсу сәтіне өтеді;
  • D(ағыл. arrival, келу). «Толыққанды жеткізу», міндеттеменің ауысуы сатып алушының тауарды қабылдау сәтінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы Инкотермс 2010 талаптары11 терминді қамтиды, оның 7-еуікөліктің кез келген түрімен жүзеге асырылатын жүк тасымалына, 4-еуі — тек қанатауарды су жолдарымен тасымалдау арқылы жеткізу тәсілдеріне (теңізкөлігі және аумақтық су көлігі) қолданылады.

Әмбебап терминдер:

  • EXW(ағыл. exworks, франко-қойма, франко-зауыт). «Өзі тасымалдау» немесе франко нүктесінен тасымалдау санаты, яғни өнім берушіден алушыға жауапкершіліктің өту орны тікелей сатушының қоймасы болып табылады. 
  • FCA(ағыл. freecarrier, франко-тасымалдаушы). Сатушыны тауарды шарт талабына сәйкес тасымалдаушының қабылдап алу орнына жеткізуін міндеттейтін режим (экспорттық баж салығының төлемі — өнім берушінің міндеткерлігі). 
  • CPT(ағыл. carriage paid to.., тасымалдау ... дейін төленді). Тасымалдың негізгі бөлігін, яғни келу нүктесіне дейін төлеу сатушыға жүктеледі, ол шартқа сәйкес тауарды тасымалдаушыға жеткізуді жүзеге асырады (сақтандыру және кедендік алымдарға жұмсалатын шығындар, импорт пен сатып алушыдағы кедендік тазалау жарналары).
  • CIP(ағыл. carriage and insurance paid to.., тасымал мен сақтандыру ... дейін төленді).  Жеткізу режимііс жүзінде СРТ санатына ұқсас,айырмашылық сатушыға сақтандыруды төлеу жөніндегі міндеттеменің жүктелуінде жатыр;
  • DAT(ағыл. delivered at terminal, терминалға дейін жеткізу). Сатушы мен сатып алушы арасындағы шығындарды бөлу: біріншісі келу терминалына дейінгі жеткізілімді және экспорттық төлемдер мен сақтандыру алымдарын төлейді, екіншісі – кедендік тазарту мен межелі жерге дейін тасымалдаудың қалған бөлігін төлейді.
  • DAP(ағыл. delivered at place, белгіленген орынға дейін жеткізу). Алушы мемлекет адресіне сатып алушыға импорттық баж салығы мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді қоя отырып, тауарды межелі жеріне жеткізу.
  • DDP(ағыл. delivered duty paid, баж салығын төлей отырып жеткізу). Сатушыға толық көлемде шығындарды сала отырып, тауарды межелі жеріне жеткізу.

Теңіз және басқа да су көлігімен жүзеге асырылатын жүк тасымалына қолданылатын терминдер:

  • FOB(ағыл. free on board, франкоборт). Сатып алушыға тиесілі немесе сол төлеген тауарды кемеге тиеу, бұл ретте терминалға дейін жеткізу бөлігін төлеу сатушының міндеттемесіне кіреді;
  • FAS(ағыл. free alongside ship, кеме бортын бойлай еркін). Тауарды сатып алушының кемесіне тиелімсіз жеткізу. Тиелім мен жеткізу төлемінің салмағы алушыға жүктеледі.
  • CFR(ағыл. cost and freight, құны және кірепұл). Жүкті шартта көрсетілген портқа дейін тасымалдау. Жеткізу, сақтандыру, жүкті түсіру мен тиеу жұмыстарын төлеу жөніндегі барлық шығындарды бұл ретте сатып алушы өздігінен көтереді.
  • CIF(ағыл. cost, insurance and freight, құны, сақтандыру және кірепұл).Жеткізу режимі CFR санатына ұқсас, алайда сақтандыру жарнасын төлеу сатушыға жүктеледі.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль