ЕАЭО-дағы кедергілерді жою

35
ЕАЭО-дағы кедергілерді жою
31 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия өзінің ресми сайтында «Еуразиялық экономикалық одақтағы тосқауылдар, өндіріп алулар мен шектеулер» деген баяндамасын жариялады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК) баяндамасында Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) ішкі нарығындағы мойындалған тосқауылдар ғана сөз болып қоймайды, оларды жою жөніндегі жоспарлар туралы да айтылады.

ЕЭК қызметінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы – Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жолындағы тағы бір қадам.

Мүше-мемлекеттермен бірлесе отырып, Комиссия ЕАЭО ішкі нарығында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін кедергілердің терминологиясын жасап шығарды. Бұл терминологияға сәйкес өндіріп алу – мүше-мемлекеттердің ЕАЭО ішкі нарығы қызметінің ортақ ережелерін қолданбау туралы Одақ құқығында көзделген ерекшелік (шегініс). Шектеулер дегенде Одақ құқығында көзделген экономикалық қатынастар дамуын құқықтық реттеудің жоқтығына байланысты туындаған кедергілер түсініледі. Тосқауылдар – ЕАЭО құқығына сәйкес келмейтін кедергілер.

«Ақ кітапта» ЕАЭО ішкі нарығындағы Одаққа қатысушы елдер мойындаған 60 тосқауыл тіркелді: 17 өндіріп алу, 34 шектеу мен 9 кедергі.

Баяндамада кедергілердің бірі ретінде Армения Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алу туралы қажетті ақпараттың жоқтығы, оның ішінде орыс тіліндегі ақпараттың жоқтығы сөз болды. Республикада қазір ЕАЭО туралы Шартта белгіленген көлемде мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты орналастыру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ресейде де мемлекеттік сатып алу саласындағы кедергілер тіркелді: Одақтың басқа мүше мемлекеттеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің өнім берушілерінің мүмкіндігіне шектеу қойылған. Ресей Федерациясының Үкіметі ЕАЭО елдері әзірлеушілеріне сатып алу рәсімдеріне ресейлік компаниялармен тең жағдайда қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірледі.

Беларусь Республикасы салық саласындағы тосқауылды жоюмен жұмыс істеуде. Республикада өндірілген өсімдік шаруашылығы, омарташылық, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін іске асыруға белгіленген 10 % мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесі жойылады. Оны Минскіде әзірленетін құқықтық акт бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жою көзделген. Демек, Беларусьте аталған саладағы салық салу талабы барлық мүше-мемлекеттердің резиденттері үшін бірдей болмақ.

Біздің республикамызда да Одаққа қатысушы басқа елдерге көмірді экспорттау кезінде  Қазақстан Республикасында ренталық салықты өндіріп алумен байланысты кедергілерді жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Комиссия бұл салықты ЕАЭО ішкі нарығында қолдануға болмайтын экспорттық баж салығының баламасы ретінде мойындады.

ЕАЭО елдерінің жалауы бар кемелердің Ресей Федерациясының ішкі су жолдарымен еркін жүзуіне рұқсат беру тақырыбы көптен бері талқыланып келеді. Мұндай рұқсаттың болмауы шектеу қою деп танылды және шамамен бұл мәселе Кеме қатынасы туралы келісім қабылдау арқылы жойылатын болады.Бұл құжат неғұрлым қолайлы жағдайларда бір мүше-мемлекеттің кемесінің басқа мүше-мемлекеттердің ішкі су жолдарына енуіне рұқсат беру құқығын ұсынатын институционалдық негіз жасайды.

ЕАЭО-да өсімдік карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының жоқтығы да шектеу ретінде танылды. Бұл бірқатар тауарларды, оның ішінде көкөністер мен жемістерді сату кезінде қиындықтарға соқтырады.ЕЭК алқасы аталған шектеуге қатысты құжаттар жобасын мақұлдады. Биылғы жылдың шілдесіне қарай бұл кедергіні жою жоспарланып отыр.

19 сәуірден бастап-ақ саудаға бұрмалаушы ықпал ететін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың рұқсат етілген деңгейіндегі шараларын есептеудің бірыңғай әдістемесінің жоқтығымен байланысты шектеу жойылады. Мұндай шараның мақсаты өндірушілердің бағасын қолдау болып табылады.Бұл шектеуді жою үшін, ЕЭК Кеңесі осы шаралардың рұқсат етілген деңгейі есебінің әдістемесін қабылдады.

Өз кезегінде тізілімдегі кедергілерді мойындаумен байланысты мәселелер әр отырыста қаралатын болады – Комиссия Кеңесі дәл осындай шешім қабылдады. Сондықтан олардың тізімі үнемі жаңартылатын болады.

Тосқауылдарды жою жөніндегі әдістер мен тетіктерге келер болсақ, олардың негізгілері іс-шараның жоспарлары – ЕАЭО-дағы әр елдің белгілі бір шектеулер мен өндіріп алуларын жою мерзімдері белгіленген «жол карталары» болмақ. Алғашқы «жол картасын» биыл жазда ұсыну жоспарланып отыр.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль