-
-
-

+7 (747) 094-29-09; Мы в WhatsApp >>

Новые правила в закупках

Новые правила в закупках, которые вы могли пропустить

Апрель насыщен изменениями в законодательстве о госзакупках, некоторые из которых вступают в силу с мая 2024 года. Внесли правки как в правила госзакупок, так и в закон. В марте приняли еще три постановления об изъятии ТРУ из национального режима.

Скидка 15% на журнал >>>

Рады приветствовать Вас на сайте для специалистов в сфере государственных закупок!

gz.mcfr.kz – профессиональный сайт и многие особо ценные материалы доступны только зарегистрированным.
Пройдите регистрацию и читайте материал бесплатно.
Регистрация меньше минуты.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Для скачивания файла зарегистрируйтесь

Все материалы на портале gz.mcfr.kz созданы экспертами в области госзакупок.
Материалы абсолютно бесплатные.
Чтобы скачать файлы, Вам нужно только зарегистрироваться.

Зарегистрируйтесь, и в подарок Вы получите трехдневный доступ к справочной системе «Actualis: Госзакупки».

напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверная почта или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
×

ДАРИМ ПОДАРКИ ЗА РЕГИСТРАЦИЮ!
ТРЕХДНЕВНЫЙ ДЕМО ДОСТУП И СКИДКУ 30%

На справочную систему "Actualis: Госзакупки"
Активировать демо   Получить скидку
Государственный заказ. Вопросы и ответы
-

ҚР Мемлекеттік сатып алуларында шартты жеңілдіктер қалай қолданылады

13 ноября 2023
294
Средний балл: 0 из 5
юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по госзакупкам
Шартты жеңілдік есебі
Шартты жеңілдік есебі

Мемлекеттік сатып алуда шартты жеңілдіктер дегеніміз не? Олар қашан және қалай қолданылып, есептеледі? Шартты бағаларға қандай критерийлер әсер етеді және есептеу кезінде бұзушылық үшін не қауіп төнуі мүмкін?

Тағы шаблондар мен құжаттардың үлгілерін Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» ЭЖ-ден жүктеп алыңыз

Мемлекеттік сатып алудағы шартты жеңілдік дегеніміз не

Шартты жеңілдікшартты баға – бұл конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға ("Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР 04.12.2015ж. №434-V Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-б. 32-тарм.) .

Шартты жеңілдік ұғымы анықтамасын негізгі ала отырып, конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарынан басқа, бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурсжеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады. Бұл талап та сондай-ақ Заңның 21-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған. 

2022 жылдан бастап 4 өлшемшарт белгіленді, олар бойынша конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді қолданады (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 243-т.)

1-өлшемшарт – әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 10 жылдың ішіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы;

2-өлшемшарт – төленген салықтар көрсеткіші;

3-өлшемшарт – тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.

4-өлшемшарт – тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.

Шартты жеңілдікті есептеу кестесі

Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсер конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес айқындалады және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сатып алу қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.

Тауар

Қанша есептелуі керек

max

Құжаттар

Тауарлар

Жоқ

-

-

Техникалық қадағалау қызметтері

Әр жылға 0,5

5%

Көрсетілген қызметтер актісі және шот-фактура

Құрылысқа байланысты емес жұмыстар

1%, жыл сайын, жыл ішіндегі әрбір жұмыс үшін 0,2%:

  • лоттың сомасы бойынша 200 000 АЕК-тен артық емес,

  • 200 000 АЕК-тен астам сомасы бойынша



5%

10%

Орындалған жұмыстар актісі

Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары

Құрылысқа байланысты жұмыстар

Бас мердігерлер үшін: әрбір жыл тәжірибесі үшін 1%, егер 1 жыл ішінде 1-ден астам құрылыс объектісінде жұмыстар орындалса, 0,2%. 


  • лоттың сомасы бойынша 200 000 АЕК артық емес,

  • сома бойынша 200 000 АЕК


Қосалқы мердігерлер үшін: қосалқы мердігерлер үшін әр жылдық тәжірибе үшін 0,5 %. Егер 1 жыл ішінде 1-ден астам құрылыс объектісінде жұмыстар орындалса, 0,1% - дан 

  • лоттың сомасы бойынша 200 000-тен АЕК артық емес,

  • 200 000 АЕК-тен астам сомасы бойынша

5%

10%

Электрондық депозитарийден

орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері

объектіні пайдалануға беру актісі және ЖСҚ. Егер қосалқы мердігер туралы ақпарат болмаса, онда ол туралы ақпаратқа сәйкестігі туралы декларация.

ЖСҚ бойынша-сараптаманың оң қорытындысы

Шартты жеңілдікті есептеумен байланысты бұзушылықтар

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты қағидалардың 243-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.

Ерекшелік  егер сатып алуға қатысуға 1 өтінім ұсынылса.

НАЗАРЫҢЫЗҒА! Егер өнім беруші  тиісті құжаттарды ұсынбаса, шартты жеңілдіктер қолданылмайды.

Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.

ҚАПЕРІҢІЗГЕ! консорциумның қатысуымен шартты жеңілдікті есептеу консорциумның әрбір қатысушысына жеке емес, тұтастай алғанда консорциумға қатысты жүзеге асырылады.

 Конкурсқа қатысушылардың баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың конкурс құжаттамасына кіргізілмеуіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін: 

  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының,

  • мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, 

  • тапсырыс берушінің, 

  • конкурстық комиссияның дұрыс емес шешімдерінің күшін жоюы мүмкін. 

Заңның 18-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы негізінде уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Сатып алудағы конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің салыстырмалы мәнін есептеу және нәтижесінде шартты бағаны есептеу Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе дұрыс қолданбау үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі қарастырылған.

Осылайша, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін Заңның 21-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарды бұза отырып өткізілген конкурс қорытындыларының күшін жоюы мүмкін немесе мұндай конкурстың қорытындылары бойынша жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

logo

Дорогой коллега, узнайте важные изменения с системой
«Actualis: Госзакупки»

► Что делать Заказчику по договору с негарантирующим
поставщиком электроэнергии
АКТИВИРОВАТЬ ДОСТУП