text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудағы шартты жеңілдік есебі

  • 23 октября 2018
  • 56
Мемлекеттік сатып алудағы шартты жеңілдік есебі

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәндегі есебі және шартты баға есебі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларында айқындалады.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарынан басқа, бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады.

Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың салыстырмалы мәндегі есебі және шартты баға есебі ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.

Шартты жеңілдік есебі

Скачать: Кесте (Толық нұсқасы) DOC файл

Әлеуетті өнім беруші осы өлшемшарттарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдікті қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарының тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) тарапынан бұзылуы жоспарлық тексеру нәтижесінде немесе әлеуетті өнім беруші Заңның 18-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тапсырыс берушінің (ұйымдастырушының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша өтініш бергенде жоспардан тыс тексеру кезіндегі нәтиже бойынша анықталуы мүмкін.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Конкурсқа қатысушылардың баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың конкурс құжаттамасына кіргізілмеуіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 207-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушілер мен конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

Заңның 18-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы негізінде уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Осылайша, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін Заңның 21-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарды бұза отырып өткізілген конкурс қорытындыларының күшін жоюы мүмкін немесе мұндай конкурстың қорытындылары бойынша жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты