Өтінімді қамтамасыз ету

55
Өтінімді қамтамасыз ету
Маусариева Улжан Нуртаевна
Главный редактор Электронной системы "ACTUALIS: Государственные закупки" ТОО "МЦФЭР -Казахстан"
Конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер өтінімді қамтамасыз етуді енгізулері қажет.

Конкурста өтінімді қамтамасыз ету қандай мақсатпен енгізіледі?

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзі:

-конкурс жеңімпазы деп айқындалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатындығының;

- мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.

Осындай талаптар аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу жағдайында да белгіленген.

Шартты орындауды қамтамасыз етудің өтінімді қамтамасыз етуден қандай айырмашылығы бар?

Шартты қамтамасыз етудің өтінімді қамтамасыз етуден айырмашылығы, ол міндеттеменің басқаша түрі болып табылады.

Шартты орындауды қамтамасыз ету шарт жасалғаннан кейін және өнім берушінің онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындағандығының кепілі ретінде енгізіледі.

Өтінімді қамтамасыз ету конкурстық құжаттама талаптарын орындаудың, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың және шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізудің кепілі болып табылады.

Өтінімді қамтамасыз ету түрінде енгізілген сома жеке төлем болып табылады және ол өнім берушінің шартты орындауды қамтамасыз ету түрінде ұсынған сомасына енгізілмейді, өйткені шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу жеке рәсім және шартқа қол қойғаннан кейінгі өнім берушінің міндеті болып табылады.

Өтінімді қамтамасыз етудің түрлері

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа/аукционға өтінімді қамтамасыз ету түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

кепілді ақшалай жарна, ол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына немесе мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізіледі;

кепілді ақшалай жарна, ол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына немесе мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізіледі;

қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушының банк шотына немесе мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна түрінде енгізген жағдайда, ол кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілді ақшалай жарна конкурстық құжаттамада көрсетілген банк шотына конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін енгізіледі.

Әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдікті ұсынғанының дәлелі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаның нысаны бойынша, аукциондық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес,ережелерге сай, екінші деңгейлі банк ресімдеген қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық құжат нысанындағы құжат болып табылады, бұл ретте банк гарант ретінде танылады.

Банктік кепілдікті әлеуетті өнім беруші конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін береді. Банктік кепілдікті қағаз жеткізгіште ұсыну фактісін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдікті тіркеу журналында тіркейді.

Банктік кепілдіктің әрекет ету мерзімі

Банктік кепілдіктің әрекет ету мерзімі конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімнің мерзімінен кем болмауға тиіс.

Өтінімді қамтамасыз етудің мөлшері

Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету заңға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

Тиынмен есептелген өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары болса, бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Бірнеше лоттар болған кезде қамтамасыз етуді енгізу

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 113-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші конкурсқа бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лотқа жеке беруге құқылы.

Қағидалардың 146-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурста конкурс лоттарының жалпы сомаларына өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.

Әлеуетті өнім беруші қандай жағдайларда өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді?

Заңның 25-бабының 7-тармағына сәйкес білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедлектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар Заңың 51 бапқа сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

Өтінімді қамтамасыз етуді қайтару мерзімі

Заңның 25-бабының 6-тармағында әлеуетті өнім берушінің конкурсқа/аукционға қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзіне қайтаратыны көзделген:

6.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:

осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

·конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.

Өтінімді қамтамасыз ету қандай жағдайларда қайтарылмайды?

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

Осы жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.

Қандай жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады?

жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда.

Қандай жағдайларда өтінімді қамтамасыз ету конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес емес деп танылады?

Қағидалардың 144 -тармағына сәйкес к онкурстық комиссия мынадай:

банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған; конкурстық комиссияға:

- конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;

- оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың нөмірін және атауын;

- банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, оны беру шартын;

- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

- конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

-конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

Өтінімді қамтамасыз етуді тиісінше ресімдемеген кезде әлеуетті өнім берушіні не күтеді?

Өтінімдерді алдын ала қарау мен алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделгеннен кейін әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы үш жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсыну құқығы беріледі.

Егер берілген мерзім ішінде әлеуетті өнім беруші конкурсқа/аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді сәйкестікке келтірмесе, конкурстық құжаттама мен қағидалардың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

Қандай жағдайда әлеуетті өнім берушінің өтінімін КҚ талаптарына сәйкес келтіруге жол берілмейді?

148 -тармаққа сәйкес, ө тінімді қамтамасыз етуді енгізбеген немесе оны конкурсқа (лотқа) бөлінген сомаларының нөл бүтін оннан тоғыз пайыз (0,9 %) мөлшерінен кем енгізген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге рұқсат етілмейді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 237-77-11/12

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04, +7 (727) 237-77-13


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Только сегодня
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль