MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алу саласында залалдарды өтеу туралы істер бойынша сот тәжірибесі

  • 25 декабря 2018
  • 53
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист. ВКО
Мемлекеттік сатып алу саласында залалдарды өтеу туралы істер бойынша сот тәжірибесі 2-б.

Азаматтық заңнама нормалары мен сот тәжірибесіне қарамастан, сот органдарының өнім берушілердің оларға келтірілген шығындарды өндіріп алуымен байланысты мәселелер бойынша аталған актілерді біршама ерекше түрде қолданатын кездері аз кездеспейді.

Сот отырысында тапсырыс берушінің өкілі өнім берушінің талап арызы қанағаттандыруға жатпайтынын, өйткені тапсырыс берушінің әрекетіне шағым түспегенін,  ал келтірілген зиян дәлелденбегенін хабарлайды.

Сот тапсырыс берушінің дәлелдерімен келіседі, яғни тапсырыс берушінің өкіміне ешкім шағымданбады және бас тартылмады, өнім беруші тапсырыс берушінің әрекетіне сот тәртібімен бұрын шағымданған жоқ.  

Шешімнің уәждемелік бөлігінде сот ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 9-бабына жүгінеді, онда бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа жолдануға кедергi жасамайтыны көрсетілген.

Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Егер тәртiп бұзудың құқықтық салдарының пайда болуы тәртiп бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.

Сот пікірінше, өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығын пайдаланбады, сондықтан сот залалдарды өтеу туралы оның талаптарын негізсіз деп санады.

Сондай-ақ талап арызды қанағаттандырудан бас тартудың негізі ретінде сот ҚР Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының (бұдан әрі – ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы) 12-тармағына сүйенді. Аталған тармақта анықталғандай, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 45-бабына сай, әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуетті өнім берушінiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, ҚР Азаматтық процестік кодексі 27-тарауының нормаларына сәйкес сот тәртібімен уәкілетті органға шағым беру жолымен шағымдануға құқылы.  

Әрі қарай сот  2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабының 3-тармағынан дәйексөз келтіреді: «құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн».

Тапсырыс берушіден соның негізінде өнім берушінің өзіне келтірген залалдарын өтеуден бас тарту туралы шешімі шығарылған соттың аталған қорытындыларымен мынадай негіздемелер бойынша келісуге болмайды.

Біріншіден – уәкілетті органдар мен өнім беруші шарт жобасына қол қоя отырып, тапсырыс берушінің өз өкімімен өз бетінше сатып алу қорытындыларын жойғаны туралы ақпаратты білген жоқ. Ал ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін конкурстық, аукциондық комиссия мемлекеттік сатып алу кезінде қабылданған шешімдердің күшін уәкілетті органның, мемлекеттік бақылау органдарының, прокуратураның ұсынысы (қаулысы) бойынша жоюға, өзгертуге құқылы.

Сәйкесінше, тапсырыс берушінің уәкілетті органдардың (қаулысы) ұсынымынсыз сатып алу қорытындыларын өздігінен жоюға құқығы жоқ еді. Оның үстіне сөз конкурстық және аукциондық комиссиялар қабылдайтын шешімдер туралы болып отыр. Мемлекеттік сатып алу өткізу барысында баға ұсыныстарын сұрату кезінде тапсырыс беруші мұндай шешімдер қабылдамайды. Тапсырыс берушінің заңды болып табылатын сатып алудан өздігінен бас тартуы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 10-тармағында көзделген негіздемелер бойынша ғана мүмкін болады.

Екінші – өнім беруші тапсырыс берушінің сатып алу қорытындыларын жою туралы шешім қабылдағанын шарт күшіне енгеннен кейін бір-ақ білді.

Цитируем закон! 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгеннен кейін конкурстық, аукциондық комиссияның шешімдері Әкімшілік рәсімдер туралы Заңның 8-бабының 2-тармағына сай қолданылуын тоқтатады және мемлекеттік сатып алу туралы шарт талап қою бойынша iс жүргiзу тәртібімен шағымдануға жатады.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сонымен, тапсырыс беруші шарт күшіне енгенге дейін органның (уәкілетті) ұсынысы бар болса ғана сатып алу қорытындыларын жоя алатын еді, бірақ мұндай актілерді уәкілетті органдар шығармады. Демек, аталған шешім заңсыз. Бұл ретте, тіпті ол өнім берушімен шарт заңнаманы бұза отырып жасалды деп есептеген күнде,  оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы еді. Алайда тапсырыс беруші мұны істеген жоқ.

Осылайша, жоғарыда аталған актілердің баптарында өнім берушіге келтірілген залалдарды өндіру үшін заңнамалық талаптарды сақтамаған жағдайда алдымен тапсырыс берушінің онсыз да заңдық күші жоқ әрекетіне шағымдану керектігін көздейтін ешқандай да нормалар қамтылмайды.

Бұдан бөлек, «Мемлекеттік сатып алу туралы» бұрын қолданылған ҚР Заңының 2-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады» деп көрсетілген. Аталған норма қандай да бір өзгеріссіз қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1-тармағына көшірілді.

Сәйкесінше, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада залалды өндіру тәртібіне қатысты мәселе регламенттелмегендіктен, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына жүгіну қажет.

ҚР АК 273-бабында Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейтіні нақтыланған.

ҚР АК 350-бабының 1-тармағына сәйкес мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге мiндетті.

Тапсырыс беруші іс жүзінде сатып алуды жою туралы өкім шығару арқылы жүргізген шартты орындаудан бас тарту шартта және азаматтық заңнамада көзделмеген. Демек, шын мәнінде ол заңсыз болып табылады және мұны қосымша дәлелдеуді талап етуге тиіс емес. Бұдан бөлек, шарттық қатынастарда  тапсырыс беруші мемлекеттік басқару органы ретінде көрінбейді, сәйкесінше,  ол әкімшілік емес, азаматтық құқықтың субъектісі.  

Бұл туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт табиғатының өзі куәландырады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 2-бабының 22) тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

Тараптардың шарттық қатынастары диспозитивтік сипатқа ие. Ендеше, тапсырыс берушінің шарт және азаматтық заңнама талаптарына қайшы келетін кез келген құжаты бірден заңсыз деп танылады.

Олай болмаған кезде мынадай жағдай орын алады: кез келген сәтте тараптардың бірі өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындаудан  кету үшін, қандай да бір акт шығарады, оны жою үшін сотқа жүгіну керек, тек содан кейін ғана залалды өндіруге болады. Мұның бәрі ҚР Азаматтық процестік кодексі 76-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы келеді, онда заңға сәйкес анықталған деп болжанған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейтіні айтылған. Белгілі факт болып табылады және шарттық қатынастардан шығатын залалдарды өндіру үшін дәлелдерді талап етпейді,  контрагенттің қандай да бір біржақты шешімдерін жою талап етілмейді.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабының 24-тармағында өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз ететіні көзделген. Алайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 4-бабының 6-тармағы өзара сипат алатын мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі ұстанымын бекітеді. Осыған байланысты біз «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған бабын  мына мазмұндағы тармақпен толықтыруды ұсынамыз: «Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты тапсырыс беруші біржақты бұзған жағдайда өнім беруші оны тиісінше орындағанымен байланысты келтірілген залалдарды сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы».

Мұны осы себепті істеу керек. Дегенмен осындай норма шарттың үлгілік нысанында және ҚР Азаматтық кодексінің 350-бабында көрсетілгенімен,  заң шығарушы тапсырыс беруші мен мемлекет құқығын қорғауды күшейту үшін, оны «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жоғарыда аталған бабында көрсетті. Демек, өнім берушіде де келтірілген залалдарды өндіріп алуға өз құқығын осындай заңнамалық қорғау болу керек.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы істер бойынша біркелкі сот тәжірибесін қолдану мақсатында ҚР Жоғарғы Соты Нормативтік қаулысының 12-тармағын мынадай мазмұнда толықтыруды ұсынамыз: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабына сәйкес тапсырыс беруші оны орындаудан біржақты бас тартқан кезде, мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаумен байланысты өнім берушіге келтірілген залалдар сот тәртібімен өндіріледі».

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться