Медициналық техниканы сатып алу

34
Медициналық техниканы сатып алу
Худайбергенова Наталья Александровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Қандай ұйым бірыңғай дистрибьютор болып табылады? Медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютордан сатып алу бойынша сатып алуды қаржылық лизинг жағдайында қалай жүзеге асыруға болады?

Тапсырыс берушілер бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін бірыңғай дистрибьюторға қағаз тасығышта немесе тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған электрондық құжат түрінде өтінімдерді ұсынады.

ҚР Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаны жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін уәкілетті орган бекітеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі бекіткен 24.06.2016 ж. № 557 бұйрықта бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың толық тізімі көрсетіледі.

29.12.2016 ж. өзгерістер енгізілген ҚР Үкіметінің 07.11.2009 ж. № 1781 қаулысына сәйкес, «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірыңғай дистрибьютор болып табылады.

             Медициналық техниканы бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу

Тапсырыс берушілер осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен және (немесе) қормен келісім бойынша клиникалық-техникалық негіздеме және техникалық ерекшелік негізінде тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін бірыңғай дистрибьютор тізіміне енгізілмеген медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асырады, яғни баға ұсыныстарын сұрату тәсілін немесе тендерді таңдайды және сатып алуды өз бетінше өткізеді.

99 атау енгізілген 04.02.2016 ж. № 87 бұйрық негізінде тапсырыс беруші тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейін медициналық техниканы сатып алуды осы Қағидалардың 19-тарауына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының келісімінсіз және лизинг берушінің сараптама бағалаусыз міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы жүзеге асырады.

           Медициналық техниканы қаржылық лизинг жағдайында сатып алу

Қағидалардың 145-тармағы негізінде құны 5000000 (бес миллион) теңгеден бастап 50000000 (елу миллион) теңгеге дейін медициналық техника денсаулық сақтау ұйымы берген өтінімге және осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес лизинг берушінің есебінен сатып алынады.

Егер қаржылық лизинг шарты қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкес келмесе, медициналық техниканы лизинг беруші сатып алмайды.

Қағидалардың 146-тармағына сәйкес құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ бірегейлендіруді талап ететін медициналық техниканы тапсырыс беруші, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль