Шартты тіркеуді тоқтата тұру

33
Шартты тіркеуді тоқтата тұру
Хусаинова Диана Шайкемеловна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу қандай жағдайларда тоқтатылады?

ҚР Азаматтық кодексінің 155-бабының 1-тармағына сәйкес, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

      Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.

     ҚР Бюджет кодексінің 100-бабына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген;

      2) инкассолық өкімдерді ұсынған;

      3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған;

      4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған;

      5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеуге байланысты қателіктер мен жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтардың бірі: мемлекеттік сатып алу туралы шарт қашан жасалды деп саналады – қол қойылған күні ме, әлде оны қазынашылық органдарында тіркеген күні ме?

Қолданыстағы азаматтық заңнамаға және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күн мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылған күн болып саналады, бұл ретте, шарт міндетті тіркеуге жататын болса, Тапсырыс беруші оны ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін заңдық күшіне енеді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Тапсырыс берушінің жіберетін қатесі өнім берушінің конкурстық (аукциондық) құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен шартты аумақтық қазынашылық органда тіркеуі болып табылады. Тапсырыс беруші шартты тіркемес бұрын шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу бойынша жауапкердің өз міндеттемелерін орындағанына көз жеткізуі қажет.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қатысты қосымша келісімдерге келетін болсақ, онда қосымша келісімнің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатынын есепке ала отырып, шарттар үшін көзделген тіркеу бойынша талаптардың оларға да қатысты екенін айту керек.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль