ММ азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу

26
ММ азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу
Хусаинова Диана Шайкемеловна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Шартты тіркеу саласындағы мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттемелері

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарынан шығара отырып, шартты тіркеу саласындағы мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттемелерін бөлуге болады, сонымен:

 1) Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.

      Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

 2) Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 3) Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.

 4) Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.

 Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.

 5) Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.

 Мерзімі үш жылдан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 6) Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.

 7) Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.

 8) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.

 9) Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль