Государственный заказ. Вопросы и ответы

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу

25 февраля 2019
62
Средний балл: 0 из 5
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу

Мемлекеттік сатып алу процесінде Тапсырыс берушінің өкілдері мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды ҚР Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеу сияқты маңызды мәселемен жиі бетпе-бет келеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 46-бабы негізінде, мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін немесе соңғысы конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркеуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес оны тіркегеннен кейін күшіне енеді.   

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасасқаннан кейін немесе өнім беруші  конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Шарт қаржы мекемесінде тіркеліп, бірақ өнім беруші шартты қамтамасыз етуді енгізбеген

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу
Андрей Романов юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Шарт қаржы мекемесінде тіркелген, бірақ өнім беруші шартты қамтамасыз етуді енгізбеді. Тапсырыс беруші не істеу керек?

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тіркеуді талап ететін, шығыстардың экономикалық сыныптамасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл қаулыда азаматтық-құқықтық мәмілелерді міндетті тіркеуді талап ететін шығыс түрлері тізілген, сондай-ақ қандай жағдайларда және қандай шарттар тіркелмейтіні жайлы ескерту бар.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелмеген өнім беруші монополистпен шартты қалай жасасуға болады?

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу
Андрей Романов юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Қаланы жылумен қамтамасыз ететін көмір тасымалдауға арналған коммуналдық кәсіпорнына жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну қызметтері қажет. Өнім беруші монополист болып табылады, бірақ ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелмеген және ол онда тіркелуден бас тартуда. Онымен шартты қалай жасасуға болады?

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Мәселен, «Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу» делінетін 141-ерекшелікті қарасақ, жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алуға байланысты шарттарды тіркеу жатады. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.

Ескертуде: «тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген азаматтарды отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде; ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде; энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер шарт жасаспай шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады» деп көрсетілген.

Егер шартқа қол қойылғаннан кейін өнім беруші ЖҚТ-ге түссе, ал қазынашылық органдарында тіркеп үлгермегендіктен, шарт күшіне енбесе

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу
Екатерина Клопова юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер шартқа қол қойылғаннан кейін өнім беруші ЖҚТ-ге түссе, ал қазынашылық органдарында тіркеп үлгермегендіктен, шарт күшіне енбесе, тапсырыс беруші не істеу керек?

Осыған ұқсас түрде «Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу» делінетін 142-ерекшелікті қарастырамыз. ҚР Қаржы министрінің жоғарыда көрсетілген бұйрығының нормаларынан шығатыны, дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдары, дәрілік құралдар мен бiржолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, қан, биопрепараттар сатып алу, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу да міндетті тіркеуге жатады. Алайда мынаны ескерген жөн: Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқықтық мәмiле жасамай жүргiзiледi. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiлені тiркеу талап етілмейді. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!