text
MCFR.KZ Госзакупки

Сатып алынатын ТЖҚ-ның біртектілігін анықтау

  • 13 июня 2018
  • 50
Сатып алынатын ТЖҚ-ның біртектілігін анықтау

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің біртектілігін қалай анықтауға болады? Бір көзден алу тәсілімен құны100 АЕК-ке дейінгі біртекті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерге шарт жасасуға бола ма?

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 5) тармақшасына сәйкес бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – ТЖҚ) – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер.

Ұқсастық деп мыналар танылады:

  • өздеріне тән негізгі бірдей белгілері бар тауарлар (функционалдық, техникалық, сапалық, сондай-ақ пайдалану сипаттамалары). Тауарлардың ұқсастығын анықтау кезінде көбінесе шығарған ел мен өндіруші ескерілуі мүмкін. Тауарлардың сыртқы түріндегі аздаған айырмашылық есепке алынбайды;
  • өздеріне тән негізгі бірдей белгілері бар (сапалық қасиеттерімен), оның ішінде мердігерлер, салыстырмалы мамандықтағы орындаушылардың орындауымен (көрсетуімен) бірдей әдістемені, технологияны, тәсілдемені пайдалану арқылы іске асырылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

Заңның 39-бабы 3-тармағының  42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу егер біртекті ТЖҚ-ның құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында жүзеге асырылады.   

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Госзакупки» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Осылайша, бір көзден алу тәсілімен біртекті ТЖҚ сатып алу кезінде тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер мына өлшемдерге сай болуы керек:

ұқсас сипаттамалары бар (мәселен, шарлы және гельді қаламдардың сипаттамалары ұқсас – бұл тауарлардың атқарымдық бағыты бірдей);

ұқсас құрауыштары бар (мәселен, шарлы және гельді қаламдардың құрауыштары ұқсас, айырмашылығы сияның құрамында ғана);

бірдей функцияларды атқарады (мәселен, шарлы және гельді қаламдар ұқсас болмағанмен бірдей функцияларды атқарады);

өзара алмасуға болады (мәселен, шарлы және гельді қаламдар бір-бірін өзара алмастыратын тауарлар болып табылады – бірдей функцияларды атқарады, құрауыштары мен сипаттамалары ұқсас).

Біртекті тауарлардың үлгісі ретінде қалам мен қарындашты алуға болады – олар әртүрлі құрауыштардан тұрады, сипаттамалары әртүрлі, атқаратын функциялары әртүрлі және өзара алмасушылығы жоқ.  

Заңның 39-бабының 3-тармағының 42) тармақшасын пайдалану мүмкін болатын-болмайтынын түсіну үшін, алдымен сатып алынатын ТЖҚ-ны біртектестігі бойынша «бөлу» керек. Содан соң олардың құны жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын-аспайтынын анықтау керек және құны белгіленген баға шегіне жататын сол ТЖҚ бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру қажет.

Егер сома бұл тәсілді қолдануға мүмкіндік бермесе, мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабына сәйкес басқа тәсілдермен өткізуге болады:

баға ұсыныстарын сұрату. Құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын біртектес ТЖҚ-ға өткізіледі. Шешуші шарт баға болып табылады. Осы ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ТЖҚ-ны олардың біртектес түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.  Біртектес ТЖҚ-ны мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін бір қаржы жылы ішінде осы тәсілді қолдану мақсатында бөлшектеуге жол берілмейді;

конкурс тәсілі. Біртектес ТЖҚ-ны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртектес ТЖҚ-ны беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. Ерекшелік – кемінде 5 тауар жеткізу орны болуы,  мұндай жағдайда конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды берудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты