text
MCFR.KZ Госзакупки

Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

  • 26 сентября 2018
  • 513
Главный редактор журнала "Государственный заказ. Вопросы-ответы", эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

Тауарды қабылдау-беру актісін, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстардың актілерін қалай толтыру керек және қалай қол қою керек? Қандай мерзімде орындау қажет?

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы жөніндегі құжаттар, оның ішінде шот-фактуралар, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар қосымша құн салығын төлеушілер ме, әлде жоқ па – оған қарамастан тек қана электрондық нысанда ресімделеді. Осылайша, шарттың орындалуы мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:

1) өнім беруші тауарды жеткізу орны бойынша жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып жеткізеді, оның электрондық көшірмесі веб-порталда тауарды қабылдап алу-беру актісіне тіркеледі;

2) өнім беруші тауар жеткізілген күні (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) веб-портал арқылы тауарды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) қабылдап алу-беру актісін ресімдейді. Өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін актілермен бірге тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) жергілікті қамту үлесі бойынша есеп жібереді;

3) тапсырыс беруші өз кезегінде тауарды (орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті) қабылдайды. Тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) қабылдаудан бас тартқан жағдайда ол веб-порталда өнім берушінің актіні ресімдегені туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей актіде дәлелді негіздемелерді көрсете отырып ақпаратты толтырады;

4) өнім беруші esf.gov.kz электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазылған электрондық шот-фактураны ресімдейді;

5) тапсырыс беруші төлем жүргізеді.

Актілер ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген, 22.12.2016 ж. өзгертулер енгізілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әріҚағидалар) 22-1, 22-2, 22-3-қосымшаға сәйкес нысанда ресімделетінін есте ұстаған жөн.

Тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп Қағидалардың 22-4 және 22-5-қосымшаларына сәйкес нысанда ресімделеді.  

★Жергілікті қамту үлесін қалай есептеу керек?★

Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп төлемге негіз болатын міндетті құжаттардың бірі болып табылады.

Өнім беруші порталда актіні қалай жасайды?

Шарт «Қолданыста» мәртебесіне өткеннен кейін, шарт карточкасындағы «Төлем туралы ақпарат» қосымшасында өнім беруші электрондық актіні толтыру мен қол қою жөніндегі функционалға қол жеткізе алады:

          1) «Акт жасау» түймешесін басу керек. Жүйе акт жасауды растауды сұрайды;

                   Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

2) акт жасағаннан кейін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы мәліметтерді электрондық акт нысанында толтыру керек. Ол үшін «Тауарды қосу» (жұмысты, көрсетілетін қызметті) әрекетін таңдайсыз:    

- акт жасау жоспарланып отырған шарт мәнін таңдап, «Таңдауды» басу керек;

- шарт мәні бойынша жеткізу орнын таңдап, «Таңдауды» басу керек;

- «Сан» өрісін толтырасыз;

- қажет жағдайда «Сома» өрісінде мәнді редакциялау керек;

- «Номенклатуралық нөмір» өрісін толтырасыз;

           - «Қосуды» басу керек;

           Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

3) тапсырыс берушіге жіберу үшін актіге Өнім берушінің өкілдері қол қоюы керек. Бұл үшін «Өкілді қосу» әрекетін таңдайсыз. Жүйе басшы рөлімен Өнім берушінің қызметкерлерінің тізімін көрсетеді. Бір бекітушіні таңдау керек;

4) «Бекітуші» ретінде қосылған қолданушыға «Бекітуші» әрекетіне жол ашық. Тапсырыс берушіге жіберу үшін Өнім берушінің өкілі қол қойғаннан кейін актіге бекітуші қол қоюға тиіс.

Тапсырыс беруші порталда актіге қалай қол қояды?

Өнім беруші актіні Тапсырыс берушіге жібергеннен кейін редакциялау және шарт бойынша мәліметтерді толтыру үшін  акт қолжетімді болады. Редакциялау үшін «Төлем туралы ақпарат» қосымшасындағы актілер тізбесінде қажеттіні таңдайсыз.

Жалпы мәліметтерді толтыру үшін акт нысанында «Мәліметтер» әрекетін таңдау керек. Жалпы мәліметтерді толтыру нысанында міндетті өрісті толтыру керек (аванстық төлем сомасы; Шартты қолдану басталғаннан бастап төлем сомасы; бұрын актіленген сомалар; тауар жеткізу мерзімі өткені үшін немесе міндеттемені тиісінше (ішінара орындамау) орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы сомасы (айыппұл, өсімпұл); мерзімі өткен күн саны; Өнім берушіге аударуға талап етілетін сома) және «Сақтау» батырмасын басасыз: 

            Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

Әрі қарай өнім берушідегі сияқты әрекеттерді істеу керек. Бекітуші қол қойғаннан кейін акт мәртебесі «Бекітілді» деп өзгертіледі. Бекітілгеннен кейін Тапсырыс берушіге актіні түзету қолжетімді. Ол актінің «Тапсырыс берушінің келісімінде», «Тапсырыс берушінің қол қойылуында» деген мәртебелерінде қолжетімді. «Түзетуді» басқаннан кейін акт өзгерістер енгізу мүмкіндігі үшін «Тапсырыс берушінің келісімінде» мәртебесіне өтеді.

Актіні қабылдаудан қалай бас тартуға болады?

Актіні қабылдаудан бас тарту үшін «Қабылдаудан бас тарту» әрекетін таңдау қажет.

 Тауарды қабылдау-беру актісіне қол қою

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында «Бас тарту себебі» өрісін толтыру қажет және «Сақтауды» басамыз. Бекітуші болып табылмайтын өкіл «Бас тарту» әрекетін таңдаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында жүйе актіні қабылдаудан бас тарту себебін сақтайды.

Бекітуші болып табылмайтын өкіл «Қабылдамау» әрекетін таңдаған кезде, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдаудан бас тарту нысанында жүйе акт мәртебесін «Қабылдаудан бас тартылды» мәртебесіне ауыстырады, қабылдамау себебін көрсете отырып Өнім берушіге хабарлама жібереді.

Жеткізілген тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қосымша зерттеу қажет болғанда Тапсырыс берушіге хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күні беріледі.  

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы жөніндегі құжаттарды ресімделу бойынша талаптар осы Заңның 50-бабы мен 39-бабының 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларында көзделген жағдайларға таратылмайды.

Қағидалардың 426-1-тармағына сәйкес жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;

2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;

3) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;

4)  тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін ақы төлеуі.

Осы тармақтың талаптары Салық кодексінің 250-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшалардың талаптары есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағының 6) тармақшасына сәйкес егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда талап етілмейді.

Салық кодексінің 250-бабының 2-тармағында қосымша құн салығынан босатылған қаржылық операциялар, оның ішінде аударым және кассалық операциялар көзделген.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 263-бабы 16-тармағында өнім берушінің Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағы 6) тармақшасында көзделген қызметтер бойынша міндеті, яғни қаржылық қызмет көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша шот-фактура жазып беру міндеті жоқ.

Оның үстіне, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормаларына сәйкес қаржылық қызмет көрсеткені үшін комиссия алу шартта көзделген төлем және (немесе) ақша аударымы сомасынан шегеру жолымен, яғни қаржылық қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Осылайша, қаржылық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қызмет көрсету актісін ресімдемей веб-портал арқылы және электрондық шот-фактура ресімдемей жүзеге асыру ұсынылады.

Жария шарттардың орындалуы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес жасалады. Бұл талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жариялы шарттарға жататын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады.

Сөйтіп, егер есепке алу сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілген жағдайда, жариялы шарт шеңберінде өнім берушілердің байланыс қызметімен байланысты актілерді беру бөлігіндегі талапты алып тастау ұсынылады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты