text
MCFR.KZ Госзакупки

Жергілікті қамту есебі

  • 12 ноября 2018
  • 222
Жергілікті қамту есебі

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту есебін қалай жасауға болады? Ол не үшін керек?

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, Өнім беруші шарт міндеттемелерін толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдау-беру актілерімен, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерімен бір мезгілде веб-портал арқылы 22-4 және 22-5-қосымшаларға сәйкес нысанда Тапсырыс берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті жібереді.

Тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту есебі мына мақсатта жүргізіледі:

1) жергілікті қамтуға қатысты сатып алу бойынша міндеттердің сақталуын бақылау мен мониторингін жасау;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуде отандық кәсіпорындарды тарту деңгейін анықтау;

3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.

★Соңғы өзгерістерге сәйкес жергілікті қамту үлесін есептеу★

Жергілікті қамту есебі

Екатерина Клопова

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Қосалқы мердігерді тарту арқылы орындалған келісім-шарт бойынша жергілікті қамту үлесін есептеу 

Жергілікті қамту үлесі ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.30.01 № 87 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мынадай формулалар бойынша есептеледі:

Тауарларды жеткізу шартындағы жергілікті қамту үлесі

Тауарларды жеткізу шартындағы жергілікті қамту есебі:

Жергілікті қамту есебі

n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;

і – тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;

ТҚі – і-тауардың құны;

Жі –  «СТ-KZ» сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;

S – шарттың жалпы құны.

Жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамту үлесі

Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ЖҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 Жергілікті қамту есебі

m – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;

j – жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

ШҚj – j-шартының құны;

ТҚj – j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

ШЖҚj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

Rj – j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;

n – j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердіғерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;

і – j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;

ТҚі – i-тауардың құны;

Жі – "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;

Егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Қi = 0;

S – шарттың жалпы құны;

5-1. Rj – j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ,

мұндағы: 

ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;

ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

Жергілікті қамту үлесін есептеу мысалдары

Бұл есептеу формуласын тәжірибе жүзінде істеп көрейік.

1-мысал.
Тауар жеткізу шартындағы жергілікті қамтудың керамикалық плитка сатып алу мысалындағы үлгі есебі.
Шарттары:
Тапсырыс беруші: 10 шаршы м керамикалық плитка сатып алу;
Өнім беруші:  1 шаршы м үшін жеткізу бағасы – 5 000 тг;
Өндіруші: «Қазақстан» ЖШС, өндірушінің 1 шаршы м үшін құны – 4 000 тг.
Мақсаты: тауар жеткізу шартындағы жергілікті қамтудың есебі.
Мәліметтер:
S = 10 * 5 000 = 50 000 (шарттың жалпы құны) 
Мi = 1 (отандық өндіруші)
СТi = 10 * 4 000 = 40 000 (өндірушінің құны)
Есеп:
МСт = (40 000 * 1) / 50 000 * 100 % = 80 %
Қорытынды: 80 % жергілікті қамту.
 

2-мысал.
Шарттары:
Тапсырыс беруші: 1 800 000 тг сомасына пластикалық терезенің 50 бірлігін орнатуды сатып алу;
Өнім беруші: бірлігі үшін баға – 30 000 тг, орнату – 300 000 тг;
Өндіруші: «Россия» ЖШС, бірлігі үшін өндірушінің құны – 20 000 тг.
Мәліметтер:
S = (50 * 30 000) + 300 000 = 1 800 000 (шарттың жалпы құны)
Мi = 0 (шетелдік өндіруші)
СТi = 50 * 20 000 = 1 000 000 (өндірушінің құны)
∑ (CДj – Стj – CCДj) (материалдық емес ресурстар) = 300 000
Rj = 1 (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің отандық өнім берушісі)
Есеп: МСр/у = ((1 000 000 * 0 + 300 000 * 1) / 1 800 000) * 100 % = 16,6 %
Қорытынды: 16,6 % жергілікті қамту.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты