Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

21
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 г. № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 11-тармағына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды мына мерзімдерде орындауды көздейді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі – конкурсты өткізу туралы жарияланғанға дейін;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін айқындауы – конкурсты өткізу туралы жарияланғанға дейін;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі – конкурсты өткізу туралы жарияланғанға дейін;

4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы – конкурсты өткізу туралы жарияланғанға дейін (бұйрық шығарылады);

5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі – конкурс өткізу туралы жарияланғанға дейін 3 жұмыс күні ішінде, яғни бекітілген әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шақыру-хаттың шығыс нөміріне дейін (бұйрық шығарылады);

6) тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілер тізімін бекітуі – әлеуетті өнім берушілер тізімін бекіту туралы бұйрық шығарылады, барлық бұйрықты бір күнде шығаруға болады;

7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы – барлық бекітілген әлеуетті өнім берушілерге хат жіберіледі, онда конкурстық құжаттаманың көшірмелерін ұсыну күнін көрсетуге болады. Ережеге сай, бұл – барлық тілек білдірген өнім берушілер құжаттаманы бір күнде ала алатындай бір нақты жұмыс күні. Келесі жұмыс күні 30 күнтізбелік күнді есептеу басталады. Қағидаға қайшы келмейтіндей басқаша істеуге болады: хатта конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттама берудің соңғы күнін көрсету керек. Бұл күн осы хаттың шығыс нөмірінің күнінен бастап есептеле бастайды. Осы ретте 30 күнтізбелік күн ішінде әлеуетті өнім берушілер ұйымдастырушыдан конкурстық құжаттаманың көшірмесін алып (пошта немесе шабарман арқылы) және өз өтінімдерін әзірлеп (Қағидалардың 31-т. қараңыз) үлгерулері тиіс;

8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;

9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидалардың 38-40-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;

10) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;

11) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі – хаттама конверт ашылған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде жасалады;

12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі (ұсынуы);

13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;

14) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі – ашылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ресімделеді (егер техникалық ерекшелік күрделі болса, одан көп болуы мүмкін) (Қағидалардың 69-т. қараңыз);

15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы хаттама көшірмесін жіберуі (ұсынуы) – алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылғаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей (Қағидалардың 85-т. қараңыз);

16) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкестендіру – мерзімді алдын ала рұқсат беру хаттамасында ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылғаннан кейін кемінде 7 жұмыс күні болуға тиіс мерзімде белгілейді (Қағидалардың 84-т. қараңыз);

17) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер тізілімін қалыптастыруы және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі – өтінімді қайта қарау мерзімдері Қағидаларда арнайы регламенттелмеген, алайда оны ұйымдастырушылар мақсатқа сай және жеткілікті ұстанымнан шығара отырып белгілейді. Түзетілген өтінімді қарауға шамамен 3–5 жұмыс күні жеткілікті;

18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);

19) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған мәліметтерді, конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында тіркеуі;

20) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстырып тексеруі (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығаруы);

21) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеп, оған қол қоюы және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге жіберуі;

22) тапсырыс берушінің конкурс жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.

Қосымша ақпарат:

1) Конкурстық құжаттаманы талқылау тәртібі мен мерзімдері конкурстық құжаттаманың мәтінінде көзделген (38-т. қараңыз): «Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөнінде кездесулер ұйымдастыруды, түсіндіру мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күні өткенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн қалғанда өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы». Демек, конкурстық құжаттаманы талқылауды өтінімді қабылдау аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізу керек;

2) Сатып алу сомасына мән берілмейді;

3) Конкурсты өткізудің ерекше тәртібі бір конкурсты лоттарға бөле отырып өткізуді талап етпейді. Әр лотқа жеке конкурс өткізу керек. Біріншіден, сатып алынатын тауар саны туралы ақпараттың шектеулі таңбасы бар. Екіншіден, Қағидаларда бірнеше лот болатыны, өнім беруші әр лотқа өтінімді жекелей ұсынатыны және т. б. туралы ештеңе айтылмайды. Қағидаларда конкурсқа БІР өтінім ұсыну сөз болады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль