Электрондық шот-фактураны қалай жазып беру керек?

126
Электрондық шот-фактураны қалай жазып беру керек?
Электрондық шот-фактураларды енгізу тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне шот-фактураларды сатып алушыларға электрондық нысанда ұсынуға мүмкіндік береді, бұл уақыт пен шығынды азайтуға көмектеседі.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы туралы құжаттар, оның ішінде шот-фактуралар, тек қана электрондық нысанда рәсімделеді. 

Жазып беру тәртібі  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында бекітілген. Электрондық шот-фактуралармен (бұдан әрі – ЭШФ) алмасу мемлекеттік ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – АЖ) көмегімен жүзеге асырылады.

ЭШФ мынадай артықшылықтарға ие: салық төлеушілердің есеп жүйелерінде жазылған шот-фактураларды қабылдау; контрагенттерге шот-фактураларды жіберу; ЭШФ ақпараттық жүйесінде қатысушылар арасында хат-хабар алмасу; бұрын жазылған ЭШФ-ны қайтару; бұрын жазылған ЭШФ-ның күшін жою; қосымша ЭШФ жазып беру; қағазды үнемдеу және мөрді әзірлеуге кететін қаржыны үнемдеу.

ЭШФ-ны қалай жазып беруге болады?

ЭШФ АЖ-де (esf.gov.kz) жұмыс істеу үшін, қатысушыларда қатысушының заңды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) сертификаты болу керек. Сертификатта қатысушының заңды тұлғасының бірінші басшысының ЖСН мен қатысушының БСН қамтылады, сондай-ақ қажет жағдайда ЭШФ АЖ-де бірінші басшының атынан жұмыс істейтін уәкілеттінің жеке тұлғасының ЭЦҚ болу керек.  

ЭШФ АЖ-де жұмысты бастар алдында қолданушы компьютерінде Java соңғы нұсқасы орнатылуға тиіс. ЭШФ АЖ-ның бастапқы парақшасына түсу үшін, мына сілтеме бойынша өту керек: http://esf.gov.kz:8080/esf-web/login.html.

Заңды тұлғаның ЭШФ АЖ-де тіркелуі тек бірінші басшының сертификаттарын қолдану арқылы ғана жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн. Заңды тұлғаның тіркелуін жүргізу үшін, бірінші басшы Ұлттық куәландыру орталығының  Заңды және Жеке тұлғасының сертификаттарын алу керек.

     1. Тіркеу:

  • браузер тармағында http://esf.gov.kz:8080/esf-web/login.html теру керек;
  • «Тіркеу» түймешесін басу қажет, сол кезде тіркеудің үш нұсқасы таңдалатын тіркеу нысаны көрінеді: «Жеке тұлға», «Жеке кәсіпкер», «Заңды тұлғаның басшысы»;
  • тіркеу нұсқасын таңдай отырып, «Сертификат таңдау» түймешесін басасыз және сертификатқа жол көрсетіледі;
  • сертификатты белсенді қылу қажет: «Құпия сөзді енгізу» түймешесін басып, сертификаттың құпиясөзін енгізесіз және «Қосу» түймешесін басасыз, содан соң «Жалғастыру» түймешесін басу керек;
  • әрі қарай тіркеу нысанының бос өрістерін толтыру қажет: «Құпиясөзді жасау» түймешесін басу арқылы құпиясөз жасайсыз, содан соң «Құпиясөз» және «Құпиясөзді растау» өрістерін, сондай-ақ басқа да толтырылуға тиіс өрістерді толтырасыз, содан соң «Жіберу» түймешесін басасыз;
  • жүйе «Сұраным сәтті жасалды. Әрі қарайғы нұсқаулар көрсетілген E-mail бойынша жіберілді» деген хабарлама береді;
  • электрондық пошта арқылы алынған сілтеме бойынша өткеннен кейін, жүйені қолдану туралы  келісімге қол қоюды жандандыру қажет, «Қол қою» түймешесін басасыз;
  • сертификатқа апаратын жолды көрсету қажет: пайда болған тізімнен «Сіздің компьютеріңіз» мәнін таңдап, «Жабық кілт қоймасы» түймешесін басу керек, файлдық жүйеде сертификат файлын тауып, таңдау қажет;
  • сертификатты белсенді қыламыз: «Құпиясөзді енгізу» түймешесін басып, PIN (сертификат құпиясөзін) енгізу керек және «Қосу» түймешесін, содан соң «Жалғастыру» түймешесін басу керек;
  • қол қойылған келісімді жіберуді жандандырып, «Жіберу» түймешесін басу керек. Бұдан соң жүйе «Тіркеу аяқталды» деген хабарлама береді.

     2. Сәйкестендіру:

  •  «Сертификатты таңдау» түймешесін басу қажет:
    • сертификат браузер қоймасында  болмаса: 1. «Сертификатқа жол» түймешесін басу керек. 2. Сертификат файлын таңдау керек. 3. «Құпиясөзді енгізу» түймешесін басу қажет. 4. Сертификат құпиясөзін енгізу керек. 5. «Жалғастыру» түймешесін басу қажет;
    • егер сертификат браузер қоймасында болса: 1. «Браузер қоймасы» түймешесін басу керек. 2. Қажетті сертификатты таңдау қажет. 3. «Жалғастыру» түймешесін басу керек.
  • қолданушы құпиясөзін енгізіп,  «Кіру» түймешесін басу қажет;
  • қолданушының қажетті профайлын таңдайсыз. Содан соң қолданушының таңдалған профайлына сәйкес ЭШФ журналы ашылады.
  1. ЭШФ жасау:
  •  «Шот-фактура жасау» түймешесін басу арқылы ЭШФ жасау режимін белсенді қылу қажет;
  • А-дан I-ге дейінгі қажетті бөлім өрістерін толтыру керек, бұл ретте толтырылуға тиіс өрістердің толтырылғанына көз жеткізу керек;
  •  «Жіберу» түймешесін басу арқылы ЭШФ-ға қол қою мен жіберу режимін жандандыру қажет;
  • ЭШФ ЭЦҚ қол қою рәсімін орындау керек, «ОК» түймешесін басасыз;
  •  «ЭШФ журналы» тарауын ашып, «Алынғандар» сүзгісі арқылы «Қаралмағандар» сүзгішесіне өту керек;
  • ЭШФ «Алынғандар» сүзгісі арқылы «Қаралмады» сүзгішесінде «Жеткізілді» мәртебесімен көрсетіледі. ЭШФ жіберушіде «Жіберілгендер» сүзгісі бойынша  «Жолданғандар» сүзгішесінде «Жеткізілді» мәртебесімен көрсетіледі.

Бұл жүйеде ЭШФ-ны алғашқы шимай нұсқа ретінде сақтауға болады, ол үшін «Алғашқы шимай нұсқа» (шимай нұсқаны сақтауды  ЭШФ нысанын толтырудың кез келген сатысында белсенді қылуға болады) түймешесін басу керек, ЭШФ-ның алғашқы шимай нұсқасын сақтағаннан кейін, жүйе интерфейсі «Жұмыс үстінде» сүзгісіне қосылады. ЭШФ-ның сақталған алғашқы шимай нұсқасын көру үшін «Шимай нұсқалар» сүзгішесін таңдап, ЭШФ шимай нұсқасын көру режимін белсенді қылу керек. Әрі қарай қажет болса сақталған шимай нұсқаны ашып, түзету енгізу қажет.

  1. ЭШФ импорттау:
  •  «Шот-фактураны импорттау» түймешесін баса отырып, ЭШФ-ны импорттау режимін белсенді қылу керек;
  • Импортқа арналған XML файлын көрсету және таңдау қажет, импорттау нысанында қосылған файлдың атрибуттары бейнеленеді;
  • көрсетілген файлдың жүктемесін белсенді қыласыз, жүктегеннен кейін импорт нысанында XML файлды өңдеу статистикасы бейнеленеді;
  • импорт нысанын жауып, «Жұмыс үстінде» ғаламдық сүзгісін, «Импортталғандар» сүзгішесін ашасыз, онда ЭШФ журналы көрінеді;
  • импортталған ЭШФ-ны ашып,  ЭШФ-ға қол қою және жіберу режимін белсенді қыласыз. ЭЦП сертификаты арқылы таңдалған ЭШФ-ға қол қойылғаннан кейін,  ФЛБ тексеріледі. Егер тексеру табысты өтсе, онда ЭШФ «Жіберілгендер» сүзгісі арқылы «Қаралмағандар» сүзгішесінде көрінеді. Егер тексеру жүргізілмесе, жіберілген ЭШФ «Жұмыс үстінде» сүзгісі бойынша «Қате» сүзгішесінде бейнеленеді.

Электрондық шот-фактураларды енгізу тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің өнім берушілеріне  шот-фактураларды сатып алушыларға электрондық нысанда ұсынуға мүмкіндік береді, бұл ақпаратты өңдеуге кететін уақыт пен шығынды (оператордың, қағаз, принтер, қаптама, пошта маркалары, жеткізілім шығындары) азайтуға көмектеседі. Сөйтіп, кәсіпкерлердің шот-фактураларды жазып беруге қатысты жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль