2017 жылы шарттың орындалуы

72
2017 жылы шарттың орындалуы
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мен оның орындалуына қатысты өзгерістер мен толықтырулар.

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 521, сондай-ақ 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 683 бұйрықтарымен 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа өзгерістерге байланысты, тапсырыс беруші өнім берушіге ол шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын қайтаратыны нақтыланған. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақтыланғандай, өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беруші акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың табысына тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын қайтарады. Аталған талаптар (Қағидалардың 405, 406-тармақтары) бұрын көзделмеген.

Шарттың орындалуына қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

Қағидалардың 426-тармағына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнім беруші:

  • тауарды жеткізген, жұмысты орындаған, қызметті көрсеткен күні тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тауарды қабылдап алу-беру актісін немесе орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актілерін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 22-1, 22-2 және 22-3 қосымшаларына сәйкес нысанда тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді толтыра отырып  жіберуге;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-4 және 22-5 қосымшаларға сәйкес нысанда веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі жөніндегі есепті шарт міндеттемелері толық орындалғаннан кейін тауарды қабылдап алу-беру актісімен, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актілерімен бір мезгілде тапсырыс берушіге жіберуге тиіс.

426-4-тармағына сәйкес 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырыс беруші:

  • веб-порталда өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру актісін, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің  актілерін рәсімдегені туралы хабарлама алған күннен бастап  үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды немесе тауарды, жұмысты, қызметті қабылдамау негіздерін көрсете отырып қол қоюдан бас тартады;
  • жеткізілген тауарды, орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті қосымша зерделеу қажет болған жағдайда хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды, хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы бұл туралы өнім берушіге хабарлайды.

2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болған талаптарға сәйкес өнім беруші тауарды жеткізген, жұмыстарды орындаған және қызметтерді көрсеткен кезде  тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған тауарды қабылдап алу-беру актісін немесе орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актісін жіберді. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін немесе орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің актісін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды немесе тауарды, жұмысты, қызметті қабылдамау негіздерін көрсете отырып қол қоюдан бас тартты. Тапсырыс беруші жеткізілген тауарды, орындалған жұмысты немесе көрсетілген қызметті қосымша зерделеу қажет болған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдап алды.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль