Государственный заказ. Вопросы и ответы

ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

26 августа 2019
206
Средний балл: 0 из 5
ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың көпшілігі қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу керек пе және ҚҚС-тың мәні неде деген сұраққа жауап таба алмайды.

Экономикалық қатынаста ҚҚС жанама салықтардың бірі, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өндірудің барлық сатыларында жасалған қосымша құнды бюджетке алу нысаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджетіне Қазақстан аумағына импортталған тауарларды тасу кезінде оның құнының бір бөлігін аудару болып табылады.

ҚҚС-тың түпкілікті мөлшерін соңғы тауарларды сатып алушы, жұмыстарды алушы немесе қызметтерді тұтынушы төлейді. 

ҚҚС бойынша есепке қашан тұру керек?

ҚР Салық кодексінің 367-бабының 1-тармағына сай резидент-заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ қызметiн Қазақстан аумағында филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады. Салық кодексінің 83-бабының 1-тармағына сай ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс емес тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беруге құқығы бар.

Бұрын Қазақстанның салық заңнамасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою тәртібіне шектеулер белгіленген болатын. Мысалы, егер салық төлеуші соңғы екі жылдың ішінде ҚҚС бойынша есептен шығарылса, егер салықтық есептілікті ұсыну мерзімін өткізіп алған болса, салық төлеуші ерікті түрде ҚҚС төлеуші бола алмайтын, одан бөлек міндетті түрде ұсынылуы тиіс құжаттардың үлкен тізбесі белгіленген болатын.

★ Артық төленген соманы қайтару ★

ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

Екатерина Зотова

Юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер өнім беруші-ҚҚС төлемейтін тұлға оған қате төленген ҚҚС сомасын қайтармаса не істеу керек?

Қазіргі уақытта ҚҚС бойынша есепке қою тәртібі айтарлықтай оңайлатылды, бұрын қолданылған көптеген ережелер алып тасталды. Бұдан бөлек, алдағы жылдары ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою мақсатында ең төмен айналым мөлшерін біртіндеп азайту жоспарланып отыр, ол 2020 жылдан бастап АЕК-тің бар-жоғы 15 000 еселенген мөлшерін құрауы тиіс.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұрған кезде тек салықтық өтініш ұсынылады, салық төлеуші салық органына басқа құжаттар ұсынуға міндетті емес.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

  • жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
  • мемлекеттік мекемелердің;
  • қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
  • резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
  • ойын бизнесі салығы салынуы тиіс, қызметі бойынша Салық кодексінің 534-бабында аталған тұлғалардың құқығы жоқ.

ҚҚС бойынша есепке қою мерзімі

Ең төменгі айналымды арттыру кезінде өтініш беру мерзімі – төменгі айналымды арттыру туындаған айдың аяқталған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмеуге тиіс.

ҚҚС бойынша есепке қою тәртібі

ҚҚС бойынша есепке қою үшін орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен салық өтінішін беру қажет.

Өтінішті тек қана бірінші басшы бере алады. Басқа тұлғалар тіпті сенімхат болған күнде де  тиісті өтінішті бере алмайды.

★ Шарт сомасын ҚҚС бойынша көбейту ★

ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

Гульмира Картаева

юрист, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Егер өнім беруші шарт жасалғаннан кейін есепке тұрған болса, тапсырыс беруші ҚҚС-ты өндіріп алуға міндетті ме?

Салық өтінішіне мыналар тіркеледі:

  1. Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжатқа төмендегі құжаттардың бірі жатады:
    • жылжымайтын мүлікке қатысты меншік құқығын растайтын құжат (оны пайдалану);
    • орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығындағы жеке тұлғаның жазбаша келісімі.
  2. Салық төлеушінің айналымның ең төменгі мөлшерінің артуын растайтын құжаттарының көшірмелері. Салық төлеушінің ең төменгі айналымның артуы орын алғанын растайтын құжаттары деп орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және айналым жасау фактісі туралы куәландыратын басқа да құжаттар танылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесінің датасы мен  оны салық органына ұсыну күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім ресімделген кезде, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ҚҚС төлеушілер болып табылады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабарландырмай-ақ салық органының шешімі негізінде жүргізіледі.

Өзгерістер мен толықтырулардың салық төлеушіні хабарландырмай-ақ салық органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға арналған себептерді анықтайтын Салық кодексінің 571-бабының 4-тармағына қатысы бар.

5-1) тармақшасына: «сот шешімінің заңдық күшіне енуі негізінде заңды тұлғаның қайта тіркелуін жарамсыз деп тану» толықтырылды.

Бұрын салық төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ҚҚС бойынша декларацияда үздіксіз келесі екі салық кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру мен сатып алу туралы мәліметтер жоқ болғанда шығарылатыны туралы 6) тармақша жойылды.

Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы салық органы шешімін енгізу мерзімі туралы СК 571-бабының 5-тармағы: «заңды тұлғаның қайта тіркелуін жарамсыз деп тану туралы заңдық күшіне енген сот шешімін салық органы алған күннен бастап» деген 5) тармақшамен толықтырылды.

Тіркеу есебінен шығару туралы Салық кодексінің 571-бабы 7-тармағының 1) тармақшасы «немесе Салық кодексінің  37, 37-2, 41 және 42-баптарында көрсетілген қызметті тоқтату туралы салық өтініші» деген негіздемемен толықтырылды. Яғни есептен шығару қызметті тоқтату туралы салық өтініші негізінде жүргізілетін болады.

★ 100 АЕК ҚҚС қоса алғанда ма, жоқ па ★

ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

Анеля Камалиева

главный специалист по государственным закупкам, юрист филиала АО РТРК «Казахстан», г. Алматы, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы»
Егер сома 100 АЕК-тен аспаса, сатып алу сомасына 12% ҚҚС қоса аламыз ба

ҚҚС үшін салық кезеңі

Салық кодексінің 269-бабына сәйкес, ҚҚС үшін салық кезеңі  күнтізбелік тоқсан болып табылады.

ҚҚС бойынша салық есептілігі

ҚҚС бойынша салық есептілігін ҚҚС төлеуші орналасқан жері бойынша декларация түрінде әр салық кезеңінде келесі есептік салық кезеңіндегі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.

ҚҚС бойынша декларация беру жөніндегі міндеттеме Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрмаған Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттайтын  тұлғаларға таратылмайды.

Бюджетке ҚҚС төлеу мерзімдері

Жалпы жағдайда, Салық кодексінің 271-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚҚС төлеуші орналасқан жері бойынша келесі есептік салық кезеңінің екінші айының 25-інен кешіктірмей әр салық кезеңінде бюджетке түсетін жарнаға жататын салық төлеуге міндетті.  

ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін жауаптылық

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру үшін салық өтінішін бермеген тұлғалар анықталса, салық органы мұндай салық төлеуші анықталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей  оған Қазақстан Республикасы салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді. Салық төлеуші салық органының хабарламасы негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру үшін белгіленген мерзімде салық өтінішін бермеген жағдайда, салық органы салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!