ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?

61
ҚҚС төлеуші болған дұрыс па, әлде жоқ па?
Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың көпшілігі қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу керек пе және ҚҚС-тың мәні неде деген сұраққа жауап таба алмайды.

Экономикалық қатынаста ҚҚС жанама салықтардың бірі, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өндірудің барлық сатыларында жасалған қосымша құнды бюджетке алу нысаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджетіне Қазақстан аумағына импортталған тауарларды тасу кезінде оның құнының бір бөлігін аудару болып табылады.

ҚҚС-тың түпкілікті мөлшерін соңғы тауарларды сатып алушы, жұмыстарды алушы немесе қызметтерді тұтынушы төлейді. 

ҚҚС бойынша есепке қашан тұру керек?

ҚҚС бойынша есепке сіз бір ғана жағдайда – егер айналым 30 000 АЕК-тен асса ғана тұруға міндеттісіз. ҚҚС бойынша есепке ерікті түрдегі келу тәртібімен тұра аласыз. Мәселен, егер сіз ҚҚС-пен тауарды сату пайдалы деп есептесеңіз.

2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап айналымның төменгі шегі 30 000 АЕК-тен 3234 АЕК-ке дейін азаяды деп болжанды. Алайда 2016 ж. 30 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен ҚҚС төлеуші ретінде міндетті тіркелу үшін айналым шегін төмендегідей кезең-кезеңмен азайту енгізілді:        

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленгендей,            

  • 01.01.2017 ж. бастап 01.01.2018 жылға дейін ең аз айналым АЕК-тің 30 000 еселенген мөлшерін құрауға тиіс;
  • 01.01.2018 ж. бастап 01.01.2019 жылға дейін ең аз айналым АЕК-тің 25 000 еселенген мөлшерін құрауға тиіс;
  • 01.01.2017 ж. бастап 01.01.2018 жылға дейін ең аз айналым АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрауға тиіс;
  • 01.01.2020 жылдан бастап ең аз айналым АЕК-тің 15 000 еселенген мөлшерін құрауға тиіс.

2017 жылға арналған ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) шамасы 2 269 теңге мөлшерінде белгіленді. 

Салық төлеушілерге мыналар жатады:

  • заңды тұлғалар-резиденттер;
  • Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
  • жеке кәсіпкерлер.

ҚҚС бойынша есепке қою мерзімі

Ең төменгі айналымды арттыру кезінде өтініш беру мерзімі – төменгі айналымды арттыру туындаған айдың аяқталған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмеуге тиіс.

ҚҚС бойынша есепке қою тәртібі

ҚҚС бойынша есепке қою үшін орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен салық өтінішін беру қажет.

Өтінішті тек қана бірінші басшы бере алады. Басқа тұлғалар тіпті сенімхат болған күнде де  тиісті өтінішті бере алмайды.

Салық өтінішіне мыналар тіркеледі:

  1. Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжатқа төмендегі құжаттардың бірі жатады:
    • жылжымайтын мүлікке қатысты меншік құқығын растайтын құжат (оны пайдалану);
    • орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік меншік құқығындағы жеке тұлғаның жазбаша келісімі.
  2. Салық төлеушінің айналымның ең төменгі мөлшерінің артуын растайтын құжаттарының көшірмелері. Салық төлеушінің ең төменгі айналымның артуы орын алғанын растайтын құжаттары деп орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және айналым жасау фактісі туралы куәландыратын басқа да құжаттар танылады.

Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесінің датасы мен  оны салық органына ұсыну күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚҚС бойынша есепке қою туралы шешім ресімделген кезде, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ҚҚС төлеушілер болып табылады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабарландырмай-ақ салық органының шешімі негізінде жүргізіледі.

Өзгерістер мен толықтырулардың салық төлеушіні хабарландырмай-ақ салық органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға арналған себептерді анықтайтын Салық кодексінің 571-бабының 4-тармағына қатысы бар.

5-1) тармақшасына: «сот шешімінің заңдық күшіне енуі негізінде заңды тұлғаның қайта тіркелуін жарамсыз деп тану» толықтырылды.

Бұрын салық төлеушінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ҚҚС бойынша декларацияда үздіксіз келесі екі салық кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру мен сатып алу туралы мәліметтер жоқ болғанда шығарылатыны туралы 6) тармақша жойылды.

Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы салық органы шешімін енгізу мерзімі туралы СК 571-бабының 5-тармағы: «заңды тұлғаның қайта тіркелуін жарамсыз деп тану туралы заңдық күшіне енген сот шешімін салық органы алған күннен бастап» деген 5) тармақшамен толықтырылды.

Тіркеу есебінен шығару туралы Салық кодексінің 571-бабы 7-тармағының 1) тармақшасы «немесе Салық кодексінің  37, 37-2, 41 және 42-баптарында көрсетілген қызметті тоқтату туралы салық өтініші» деген негіздемемен толықтырылды. Яғни есептен шығару қызметті тоқтату туралы салық өтініші негізінде жүргізілетін болады.

ҚҚС үшін салық кезеңі

Салық кодексінің 269-бабына сәйкес, ҚҚС үшін салық кезеңі  күнтізбелік тоқсан болып табылады.

ҚҚС бойынша салық есептілігі

ҚҚС бойынша салық есептілігін ҚҚС төлеуші орналасқан жері бойынша декларация түрінде әр салық кезеңінде келесі есептік салық кезеңіндегі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады.

ҚҚС бойынша декларация беру жөніндегі міндеттеме Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрмаған Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттайтын  тұлғаларға таратылмайды.

Бюджетке ҚҚС төлеу мерзімдері

Жалпы жағдайда, Салық кодексінің 271-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚҚС төлеуші орналасқан жері бойынша келесі есептік салық кезеңінің екінші айының 25-інен кешіктірмей әр салық кезеңінде бюджетке түсетін жарнаға жататын салық төлеуге міндетті.  

ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін жауаптылық

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру үшін салық өтінішін бермеген тұлғалар анықталса, салық органы мұндай салық төлеуші анықталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей  оған Қазақстан Республикасы салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді. Салық төлеуші салық органының хабарламасы негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұру үшін белгіленген мерзімде салық өтінішін бермеген жағдайда, салық органы салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль