Коммерциялық ұсыныстарды сұрату

37
Коммерциялық ұсыныстарды сұрату
Маусариева Улжан Нуртаевна
Главный редактор Электронной системы "ACTUALIS: Государственные закупки" ТОО "МЦФЭР -Казахстан"
Тапсырыс беруші өнім берушіні айқындау үшін ТЖҚ сатып алу нарығында нарықты үйрену жолымен жалпы қолжетімді ақпарат көздері арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұраныстар жібереді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (22.12.2016 ж. өзгертулер және толықтырулармен) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 378-1-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін ТЖҚ, оның ішінде ұқсас ТЖҚ сатып алу нарығында нарықты үйрену жолымен жалпы қолжетімді ақпарат көздері арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұраныстар жібереді.  

Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде үш өнім берушіге 39-баптың 3-тармағында көрсетілген бірқатар негіздемелер бойынша сауалдар жіберіледі.

Әлеуетті өнім берушілерге сауал жіберу Заңның 39-бабының 3-тармағында көрсетілген  мынадай негіздемелер бойынша қолданылады:

6) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;

7) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

15) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;

28) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады. Осы тармақша өнім беруші өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда қолданылады;

51) Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу;

53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

54) техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Тапсырыс беруші тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын зерттей отырып, үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұраныстар жібереді. Ұсыныстар әлеуетті өнім берушілердің прайс-қағаздары түрінде болуы мүмкін. Үш коммерциялық ұсыныс жинай отырып және Заңның  4-бабының 1) тармақшасының ұстанымы бойынша, яғни мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау бойынша өнім берушіні айқындайды және веб-портал арқылы оған ЭЦҚ-мен куәландырылған шарт жобасын жібереді.  Шарт жобасына өнім беруші оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде  қол қоюға тиіс. Шартқа қол қойылғаннан кейін Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы есепті толтырады, онда коммерциялық ұсыныс берген әлеуетті өнім берушілердің мәліметтері көрсетіледі.

Егер өнім беруші шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, онда тапсырыс беруші аталған өнім берушіге жіберілген шарт жобасын қайтарып алады.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях