ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі

29
ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы және бірыңғай кедендік тариф жаңа редакцияда қолданылатын болады.

Еуразиялық экономикалық одақ – аймақтық экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы, ол халықаралық құқықтық субъектілікке ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартпен құрылған.  

ЕАЭО-да тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, сондай-ақ экономика саласында үйлестірілген, келісімді немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей  Федерациясы болып табылады.

ЕАЭО ұлттық экономиканы жан-жақты жаңашаландыру, кооперациялау әрі  бәсекеге қабілеттілікті арттыру және  мүше-мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесін тұрақты түрде дамыту үшін жағдай туғызу мақсатында құрылды.

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін (тасымалданатын) тауарларға қолданылатын кедендік әкелім бажы мөлшерлемесінің жинағы.​

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 101 Шешімімен 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) және ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифі (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) жаңа редакцияда қолданылатыны белгіленді.  

Сонымен бірге, бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқасы 2017 жылдың 1 және 2 қаңтарынан бастап мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады:

1)  2016 жылғы 4 қазандағы № 110 шешім:

ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН 8-ескертпесіне анықтамалар енгізілді;

2)  2016 жылғы 25 қазандағы № 115 шешім:

ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы Келісімге сәйкес кедендік әкелім бажы мөлшерлемесі қолданылуға қатысты жекелеген тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді және тізбеден қандай ұстанымдардың алып тасталғаны және енгізілгені анықталды;

3)  2016 ж. 25 қазандағы № 116 шешім:

Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі белгіленді, сондай-ақ қоса алғанда 02.01.2017 мен 31.12.2017 аралығы кезеңіне кедендік әкелім бажының нөлдік мөлшерлемесі қолданылатын тауарларға қатысты ЕАЭО БКТ-ның ескертпесіне анықтамалар енгізілді;

4)   2016 жылғы 25 қазандағы № 117 шешім:

қымбат металл немесе қымбат металдардың қосындысын қамтитын минералдық шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі белгіленді, сондай-ақ қоса алғанда 02.01.2017 мен 31.12.2017 аралығы кезеңіне кедендік әкелім бажының нөлдік мөлшерлемесі қолданылатын тауарларға қатысты ЕАЭО БКТ-ның ескертпесіне анықтамалар енгізілді;

5)  2016 жылғы 1 қарашадағы № 128 шешім:

ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0, 7112 99 000 0 кодтарымен сараланған қымбат металдардың қалдығы мен сынығына қатысты, 01.01.2017 бастап 31.12.2019 аралығындағы кезеңді қоса алғанда, ЕАЭО БКТ кедендік әкелім бажы мөлшерлемесін о% көлемінде қолдану мерзімі ұзартылды.

Бұдан бөлек, ЕАЭО Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 170 өкімімен «Химиялық қосылыстардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелім бажы мөлшерлемесін белгілеу туралы» ЕАЭО Кеңесі шешімінің жобасы мақұлданды. Аталған өкім 2016 жылғы 26 қазанда күшіне енді. Бұл ретте мөлшерлемені белгілеу туралы ЕАЭО Кеңесінің Шешімі 2017 жылдың 2 қаңтарынан бұрын емес мерзімде күшіне енеді.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях