Государственный заказ. Вопросы и ответы

ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі

12 марта 2019
59
Средний балл: 0 из 5
ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген ЕАЭО кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін (тасымалданатын) тауарларға қолданылатын кедендік әкелім бажы мөлшерлемесінің жинағы.​

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – аймақтық экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы, ол халықаралық құқықтық субъектілікке ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартпен құрылған.  

ЕАЭО-да тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы, сондай-ақ экономика саласында үйлестірілген, келісімді немесе бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттері Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей  Федерациясы болып табылады.

ЕАЭО ұлттық экономиканы жан-жақты жаңашаландыру, кооперациялау әрі  бәсекеге қабілеттілікті арттыру және  мүше-мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесін тұрақты түрде дамыту үшін жағдай туғызу мақсатында құрылды.

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден әкелінетін (тасымалданатын) тауарларға қолданылатын кедендік әкелім бажы мөлшерлемесінің жинағы.​

Сандық жүйеге көшіру не үшін қажет

ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі
Урусов Андрей Владимирович мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен қатынастарды дамыту жөніндегі директор, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы, Қарағанды қ.
Соңғы уақытта біз сандық жүйеге көшу, сандық өзгеріс туралы жиі естиміз. Бірақ бұл – тренд үшін кезекті жарыс немесе тиімді қажеттілік пе?

18.11.2018 жылдан бастап ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 163 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ органикалық химиялық қосылыстардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімі күшіне енді.

ЕАЭО СЭҚ ТН өзгерістер енгізілді

2018 жылғы 16 қазандағы № 163 шешім

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы ШЕШТІ:

1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес кіші позиция алып тасталсын;

б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес кіші позициялар енгізілсін;

в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының  мөлшерлемелері белгіленсін;

г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер келесі мазмұндағы 29С ескертумен толықтырылсын:

«29С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 163 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2020 қоса алғанда қолданылады..».

2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін::

а) 2.12 бөлімінде:

 I тізбеде:

37 және 112  позицияларындағы «2924 29 990 0» ЕАЭО СЭҚ ТН код 2924 29 990 9»  ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен ауыстырылсын;

227, 281 және 321 позицияларындағы «2930 90 950 0»  ЕАЭО СЭҚ ТН код «2930 90 950 9» ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен  ауыстырылсын ;

258, 276, 287, 304, 306, 327, 341, 356 және 357 позицияларындағы «2921 49 000 0» ЕАЭО СЭҚ ТН код  «2921 49 000 9» ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен өзгертілсін;

 III тізбеде:

20 позициядағы  «2909 30 900 0»  ЕАЭО СЭҚ ТН  код «2909 30 900 9» ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен ауыстырылсын;

 21  позициядағы  «2921 49 000 0»  ЕАЭО СЭҚ ТН код  «2921 49 000 9» ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен ауыстырылсын;

б) 2.13 бөлімінде:

13 позициядағы   « 2924 19 000 0-нан» сөзі «2924 19 000 9-нан» сөзімен ауыстырылсын;

14 позициядағы  «2930 90 950 0-нан» сөзі « 2930 90 950 9-нан» сөзімен ауыстырылсын.

3. Өтпелі кезең ішінде Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген баж мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) 3824 99 930 9 ТН ВЭД ЕАЭО СЭҚ ТН коды бар позиция  келесі мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

«3824 99 930 2

– – – – – – – –  химиялық қорғау құралдарын өндіруге  арналған  манкоцеб ( өсімдіктер5)

0

0

0

0****

0****

 БКТ мөлшерлемесі

 

 

3824 99 930 8

– – – – – – – – басқалары

0

0

0

0

0

БКТ мөлшерлемесі»;

 

 

б) «****» келесі мазмұнда белгісі  бар сілтемемен толықтырылсын:

«****Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 163 шешімі күшіне енген күннен бастап.»..

Шешім 2018 жылғы 25 қарашада күшіне енген, 2018 жылғы 18 қарашада күшіне енген 2-тармақты қоспағанда.

ЕАЭО-да сандық хабарлама мен сандық бастамаларды іске асыру

ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі
Урусов Андрей Владимирович мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен қатынастарды дамыту жөніндегі директор, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы, Қарағанды қ.
Сандық өзгеріс Еуразиялық экономикалық одақ елдерін айналып өте алмайтын ғаламдық әлемдік тренд болып табылады.

2019 жылғы 18 қаңтардағы № 3 шешім

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне N 1 қосымшаның 4-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа N 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ШЕШІМ қабылдады::

1. ЕАЭО СЭҚ 0301 91 900 0 және 0301 99 110 0ТН кодтарымен жіктелетін балықтың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі N 54 шешіміне қосымша) осы шешім күшіне енген күннен бастап 2022 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

 

2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі N 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0301 91 900 0 және 0301 99 110 0 кодтары бар позициялар төртінші бағанда " 49С) ескертпе сілтемесімен толықтырылсын";

б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 49С-ескертпемен толықтырылсын:

"49С)  Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы N 3 шешімі күшіне енген күннен бастап 28.02.2022 қоса алғанда қолданылады.".

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлешерлемелері және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы N 59 шешімімен бекітілген осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшерлері қолданылатын тауарлар тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) 0301 91 900 0 және позициядағы  0301 99 110 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары алынып тасталсын;

б) 1 сілтеме күші жойылды деп танылсын.

Шешім 2019 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енді.

 Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться


Дорогой коллега, Вам выдан доступ         
к журналу                            
«Государственный заказ. Вопросы и ответы»!