text
MCFR.KZ Госзакупки

Конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін шартты жасау немесе ұзарту

  • 18 января 2018
  • 137
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін шартты жасау немесе ұзарту

Егер ТЖҚ-ға күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттілік болса, ал шарт жасалғанға дейін конкурс немесе аукцион өткізу керек болса, не істеу керек?

2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 - V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 18-тармағы негізінде тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші 2015 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР Қаржы министрінің № 677 Бұйрығымен бекітілген тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

Аталған тізбеге мынадай ТЖҚ: ЖЖМ, А4/А3 қағазы, байланыс қызметтері, оның ішінде интернет, әкімшілік ғимаратты қамту жөніндегі көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру техникасына қатысты шығыс материалдары және картридж толтыру жөніндегі қызметтер, объектілерді қорғау жөніндегі қызметтер, ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалға алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер және т.б. кіреді.

Егер өнім беруші шартты ұзартудан бас тартса, не істеу керек?  

Егер өнім беруші өтіп кеткен жылы жасалған шарт қолданысын ұзартудан бас тартса, тапсырыс беруші Заңның 39-бабы 3-тармағының 50) тармақшасына сәйкес шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға құқылы.

Бұл тармақты қолдану үшін, төменде көрсетілген шарттардың бәрінің болуы қажет:

1. уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктерді сатып алу;

2. конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге сатып алу. Яғни баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен және тауар биржалары арқылы сатып алуларға таратылмайды;

3. сатып алу жылдың бірінші айы ішінде өткізілуге тиіс;

4. сатып алу көлемі тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспауға тиіс;

5. өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт әрекетін ұзартудан өнім беруші бас тартқан болуға тиіс.

Аталған шарттар сақталған жағдайда шарт мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде  жасалуы керек.

Лоттар мәліметін жылдық жоспарға қалай енгізуге болады?

Шарт жасау немесе ұзарту үшін, ТЖҚ сатып алуға есептелген жылдық соманы екі лотқа бөлу керек. Бірінші лотта қолданыстағы шартты ұзарту бойынша қосымша келісім жасау немесе конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңге бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу үшін екі айға есептелген сома болады. Сәйкесінше, хабарландыру сомасы қалған 10 айға есептеледі.  

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции. После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль