2017 жылғы қағидалардағы өзгерістер

96
2017 жылғы қағидалардағы өзгерістер
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
2017 жылғы қағидаларда өнім берушілердің мүддесін қорғайтын қандай нормалар қабылданды? Олар қандай мақсаттарға бағытталды?

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 2016 жылы 3 қазанда Қаржы министрінің № 521 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді.  Бұл өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне ене бастайды.

Ағымдағы кез келген өзгерістер сияқты, бұл өзгерістер тұжырымдамалық немесе жүйелі сипатқа ие емес. Олар бар болғаны қолданыстағы нормаларды нақтылайды және толықтырады.

Бұл нормалардың қабылдануы мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ тапсырыс берушілер (ұйымдастырушылар) мен әлеуетті өнім берушілердің мүддесін қорғауға бағытталған.

Әлеуетті өнім берушілердің (бұдан әрі – өнім берушілер) мүддесін қорғайтын нормалар

Порталда конкурстық (аукциондық) құжаттама (құжаттама жобасы) алған өнім берушілерді автоматты түрде тіркеу алып тасталған. Осылайша, ашу хаттамасында конкурстық (аукциондық) құжаттаманы жүктегендер туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Банктерге берешегінің жоқтығы туралы банктердің анықтамаларын ұсынуға қатысты өнім берушілерге қойылатын талап алып тасталды. Бұл өзгеріс өнім берушілердің банктің міндеттемелерінен басқа төлем қабілеттілігі өзге де мәліметтермен расталатындығымен шартталған. Бәрінен бұрын, бұл – салықтық берешегінің болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты шарт сомасының 3%-ы көлемінде қамтамасыз ету, ал демпингке қарсы шаралар есепке алынса, бұл пайыз жоғары болуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын сатып алу кезіндегі материалдық және еңбек ресурстарын иеленуге қатысты біліктілік талаптары бойынша талап нақтыланған. Тапсырыс берушілер бұл талаптарды техникалық ерекшелікте көрсетулері керек.

Бұл ретте сметалық есеп айырысуға бұрын қолданылған сілтемелер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзектілігін жояды. Сметалық есеп айырысуда крандар мен жыланбауыр жүрісті тракторлар, тіректі крандар сияқты техникалар автоматты түрде көрсетіледі. Аталған механизмдер ескірген болып саналады және қазіргі жағдайларда қолданылмайды. Егер тапсырыс берушілер өнім берушілерді материалдық және еңбек ресурстары бойынша бағалауды жоспарласа, онда олар конкурстық құжаттамаға ҚҰЖ (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тіркеулері керек, онда жобалаушылар қажетті ресурстарды көрсетеді. Егер ҚҰЖ құжаттамада көзделмесе, онда тапсырыс берушілер жобалаушылармен бірге құрылыс машиналары, механизмдер, автокөлік құралдары мен мұндай қажеттілікті көрсететін еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесін әзірлеуге және үйлестіруге тиіс. Бұдан бөлек, «Біліктілік туралы мәліметтердің» 5-қосымшасында «Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналары, механизмдері мен автокөлік құралдарының бар екені туралы мәліметтерді немесе жұмысты орындауға қажетті соған ұқсас (қосымша) құрылыс машиналарын, механизмдері мен автокөлік құралдарын растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің қосымшасымен бірге көрсететіні» айтылған. Бұл нені білдіреді? Демек, бұл енді әлеуетті өнім берушілер өз өтінімдерінде ЖСҚ-да (ҚҰЖ) көрсетілген техниканы ғана емес, сатып алынған жұмысты орындай алатын осыған ұқсас техниканы да көрсете алады деген сөз.

Сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін тапсырыс берушіге қажетті материалдық және еңбек ресурстарын иелену талаптары да нақтыланған. Бұл талаптарды да конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсету қажет.

Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушілердің мүддесін есепке алу мақсатында ағымдағы жылы жұмысын бастаған өнім берушілер үшін де жалпы талаптарға сәйкес пайыз белгіленеді. Бұл ретте соңғы 10 жылдағы тәжірибе қуатталады. Жұмыс тәжірибесін растау үшін шот-фактураны тіркеудің қажеті жоқ. Енді орындалған жұмыстардың тиісті актілерін тіркесе де жеткілікті. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тәжірибені актілермен және шот-фактуралармен растау туралы талап сол күйінде қалады.

«Біліктілік туралы мәліметтердің» 5-қосымшасының жаңа редакциясында растаушы құжаттарға қойылатын талаптардың тізімі айтарлықтай кеңейтілген. Сөйтіп, құрылыс машиналарын, механизмдері мен автокөлік құралдарын жалға алу құқығын растайтын құжат жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте, шарт бойынша жалға алу мерзімі конкурс құжаттамасында белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс. Құрылыс машиналарын, механизмдері мен автокөлік құралдарын қосалқы жалға алу шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жататын құрылыс машиналарына, механизмдері мен автокөлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар тіркеу және есепке қою туралы тиісті құжаттар болып табылады.

Тіркеуге және есепке алуға жатпайтын құрылыс машиналарына, механизмдері мен автокөлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар аталған материалдық ресурстарды сатып алу туралы құжаттар болып табылады. Оның ішінде: тауарды жеткізу мен төлемін растайтын құжаттар (қолма-қол ақшасыз есептеу жағдайында: шот-фактуралар, жөнелтпе құжат, банк белгісі бар төлем тапсырмалары; қолма-қол ақшамен есептеу жағдайында: жөнелтпе құжат, қазыналық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану арқылы берілген бақылау чегі).

Егер тауарды жеткізу мен төлемін растайтын құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген сақтау мерзімі өткендіктен тіркеу мүмкін болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы заңнамаға сәйкес негізгі қаржы есебін растайтын тиісті бухгалтерлік құжаттар тіркеледі.

Әлбетте, бұл анықтамалардың маңызы зор, өйткені тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің меншігін растайтын құжаттар тізімін әртүрлі түсіндіру себебінен  конкурстық өтінімдерді заңсыз қабылдамау мүмкіндігін алып тастайды.

Қағидалардың 405-тармағының тұжырымдамасы түзетілді, атап айтқанда: мемлекеттік сатып алу туралы шарт аяқталғаннан кейін, Тапсырыс беруші шартты қамтамасыз етудің 3%-дық міндетті сомасын ғана қайтарып қоймайды, өнім беруші демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын қайтарады (шартты 3%-дан артық қамтамасыз ету). Егер шарт тиісінше орындалмаған болса, онда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбы сомасын төлеу фактісі расталғаннан кейін шартты қамтамасыз етудің барлық түрлерін қайтарады.

Сондай-ақ жаңа редакцияда өнім берушіге құрылыспен байланысты жұмыстарды орындауға қатысты шарт сомасының 5%-ын қайтаруға кепілдік берілген. Бұл сома жұмыс аяқталғаннан кейін және Тапсырыс беруші қазынашылық органға объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні ұсынғаннан кейін төленеді.

Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асқан жағдайда, белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы берілсе,  веб-портал қорытындылар хаттамасын орналастырған күні автоматты түрде аталған баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Осылайша, бірқатар жосықсыз тапсырыс берушілердің бір ғана қатысушыны мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау құқығынан айыру мүмкіндігі алып тасталды.

Жалғасы келесі мақалада.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша "Actualis" электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль