ЕАЭО басты артықшылықтары

31
ЕАЭО басты артықшылықтары
Абишев Александр Александрович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Костанай
ЕАЭО-ның басты артықшылықтары – барлық саудаға қатысушылардың қаржылық және уақытша шығындарын қысқарту, өнім берушілер санының өсуі, сондай-ақ тараптардың «жанды» қатысуына жол бермеу, мұның өзі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтады.

Электрондық сатып алу жүйесі жиі сынға ұшырайды. Негізінен, мұнымен мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері айналысады, олар тапсырыс берушінің тауар сапасын тікелей орнында бағалай алмайтынына, өнім берушімен ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылай алмайтынына ерекше назар аударады,  ЭЦҚ қойылған келісімшартты да кейбіреулер әзірше толыққанды құжат ретінде қабылдамайды.

Сонымен бірге электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алудың  бірқатар өзіндік даусыз артықшылықтары бар. Мұндай тиімділікке сауданың барлық қатысушыларының қаржылық және уақытша шығындарын қысқарту; өнім берушілер санын арттыру; кабинетте отырып-ақ сатып алуды жеңіп алу мүмкіндігі жатады және ең басты артықшылықтардың бірі – жүйе жұмысының тараптардың «жанды» қатысуын жоққа шығару жағдайы, бұл сыбайлас жемқорлық қаупін айтарлықтай төмендетеді. 

Ресейлік тәжірибе көрсеткендей, электрондық сауданың енгізілуімен өтінімдердің орташа саны 1,8 есе артты, бюджеттік қаржының қосымша үнемі 6,9 %-ға бағаланды. 2011 жылдан бастап Ресейде, Қазақстанда және Беларусьте электрондық алаңдарда өткізілетін мемлекеттік сатып алудың үлесі геометриялық прогрессияда өсіп келеді. Бүгінде ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу өткізілетін электрондық алаңдар саны сегіз: біреуі Қазақстанда, екеуі Беларусьте және бесеуі Ресейде. 

ЕАЭО-ның барлық елдерінде (Армениядан басқасында) электрондық сауда алаңдары (порталдар) бірнеше жыл жұмыс істеп келеді және өнім берушілерге таңсық емес. Мемлекеттік сатып алу үшін негізінен (Ресей мен Беларусьте) «аукционды арзандату» жүйесін қолданады, классикалық нұсқадан өзгешелігі, сатушының емес, сатып алушының мүддесіне құрылған. Мұндай саудаларда мемлекет бірыңғай тапсырыс беруші, ал саудаға қатысушылар – өнім берушілер тек бір жеңімпаз қалғанға дейін  бағаны қадамдық түрде төмендете береді. Тараптар нәтижелерді электрондық қолтаңбамен бекітеді, ал жүйе дайын келісімшартты (мемлекеттік сатып алу туралы шарт) түрлендіреді. Жеңімпаз мемлекетке сауда нәтижесінде айқындалған баға бойынша дәл мерзімінде белгіленген сападағы тауардың нақты санын өткізуге міндетті.  Сатып алудың бұл түрі ЕАЭО аясында біріктірілген мемлекеттік сатып алуда қолдану үшін тиімді болып табылады және бірыңғай электрондық алаң іске қосылған кезде дәл соны сатып алудың негізгі түрі ету жоспарланып отыр. 

Электрондық мемлекеттік сатып алудың бірыңғай нарығын құру ЕАЭО-ның барлық қатысушыларына айқын да нақты түрде пайда әкеледі. Шын мәнінде мемлекеттік тапсырыс үшін бәсекелестік артатын болады,  тауарлардың құны түседі немесе, ең көп дегенде, мүмкіндіктегідей тез өспейтін болады. Тиімді бизнес өсуге мүмкіндіктер алуға тиіс, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай азаяды, ал бюджеттік қаржыны үнемдеу ұлғаюға тиіс. Жаңа енгізілім әсіресе шекарамен шектес аудандардың кәсіпкерлері үшін өзекті болады.

Уақыт өте келе Еуразиялық одақ ішіндегі кедергілер азая түседі.  Таяуда ЕАЭО елдерінің өнім берушілері шекараға назар аудармастан мемлекеттік сатып алуға қатыса алатын болады.

Тұтас алғанда, артықшылықтар мен пайдалар туралы айта отырып, мемлекеттік сатып алу саласын дамытудың болашағы – IТ-технологияны барынша кең пайдалануда, мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік нарығын кеңейтуде, болуы мүмкін кедергілер мен мемлекеттік сатып алу нарықтарына өзара қолжетімділіктің басқа да шектеулерін жоюды жалғастыруда екенін атап өту қажет.

Қазақстандық тарапқа келетін болсақ, бұрыннан-ақ айтылып жүргендей, ЕАЭО аясындағы бірыңғай мемлекеттік сатып алудың Қазақстанның экспорттық әлеуетіне ықпал ету (қалай болғанда да, солай болуға тиіс) жағдайы  мұндағы ең негізгі жағымды сәт болып табылады.

Жалғасы келесі мақалада

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы - kz. № 12-2016 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях