Шарт сомасын ұлғайту

54
Шарт сомасын ұлғайту
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Порталда қосымша келісімді қалай және қандай сомаға жасау керек?

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі –Заң) 45-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында  шарт сомасын ұлғайту жағдайлары тек сатып алынатын тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінде бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында қажеттіліктердің ұлғаюына байланысты ғана көзделген. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттағы мұндай өзгеріске аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жылдық жоспарда көзделген сомалар шегінде жол беріледі. Көрсетілген баптағы тізім түпкілікті болып табылады және кең түрде түсінік беруге жатпайды.

Осы тармақта көзделген өзгерістер негізгі шартқа қосымша келісім жасау жолымен ресімделуі тиіс. 

Бұл функционал порталда қалай көрінеді?

Біріншіден, қосымша келісім үшін негіздемені таңдау кезінде болған тізімде Заңның 45-бабы 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздемелер жоқ. Ұйымдастырушының нұсқаулығында түсіндірме берілген: көлемнің ұлғаюына байланысты соманы өзгерткен кезде (Заңның 45-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы), жоспардың жаңа тармағын жасау керек, онда жетіспей тұрған көлем қажеттіге дейінгі айырма түрінде көрсетіледі.

 Мұндай техникалық шешім негізінен дұрыс емес, өйткені 3) тармақшаға сәйкес жетіспей тұрған көлем емес, сатып алудан құралған үнем есебінен көптеп сатып алуға болатын көлем қосымша сатып алынады.

Мысал. Жылдық жоспарда 2000, 00 теңгеден 200 доп сатып алуға 400 000, 00 теңге көзделген. Жеңімпаз – өнім беруші 1 800, 00 теңгеден 200 доп ұсынды. Бұл сатып алудан түскен үнем 40 000,00 теңгені құрады. Тапсырыс беруші қосымша келісім жасауға және 1 800,00 бағасымен үнем шегінде тағы да 22 доп сатып алуға құқылы. Егер порталдың «жетіспейтін көлем» тұжырымдамасын және жоспардың жаңа тармағын жасау мүмкіндігін қолданса, аталған үлгідегі шарт сомасының ұлғаюы басқаша көрінетін болады: жоспардың жаңа тармағы жасалады, онда тапсырыс беруші өз білгенінше үнемнен тыс қосымша ақша белгілейді, яғни 40 000,00 теңгеге қарағанда көбірек ақша.

Тәжірибеде тапсырыс берушілердің бұл тармақты теріс пайдалану жайттары да кездеседі.

 Мысал. Жылдық жоспарда кеңсе қағазын сатып алуға 3 млн теңге белгіленген. Порталда шағын сомаға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қойылған.  Егер «өз» өнім берушіңіз жеңіп шықса, онда онымен негізгі шарт жасасқаннан кейін, жоспардың жаңа тармағын құру жолымен қосымша шарт жасалады,  онда жетіспейтін көлем қажеттіге дейінгі айырма түрінде, яғни жылдық жоспарда көзделген барлық сомаға көрсетіледі. Егер «кездейсоқ» өнім беруші жеңсе, онда онымен қосымша шарт жасалмайды, жаңа шағын партияға жаңа сатып алу өткізіледі.

 Аталған мәселеге қосымша түсінбестікті Заңның 45-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының қате тұжырымдамасы енгізеді, атап айтқанда:

«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі».

Бұл тұжырым 2007 жылғы заңның бірінші редакциясында енгізілді және бүгінгі күнге дейін өзгермей қалып отыр. 2008 жылдың қарашасына дейін жылдық жоспарға өзгеріс енгізілмеді, сондықтан 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III заңның бірінші редакциясындағы бұл тұжырым жылдық жоспарда көзделген сомаға бір сатып алу жүргізілгенін, ал қолжетімді әрекет жылдық жоспарда көзделген сома шегінде, яғни жалғыз сатып алудан құралған үнем сомасына қосымша келісім жасау болғанын тұспалдайды.

Содан кейін, жоспарға өзгеріс енгізуге шектеусіз мөлшерде бір рет жол берілгенде,  ал 2016 жылы – жылына 12 рет, ал 2017 жалдан бастап жекелеген субъектілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына шектеусіз түрде түзету енгізе алатын болғандықтан, тұжырымдама екі мағыналы сипатқа ие болды. Алайда бұл бүгінгі күні де сатып алудың бәсекелестік негізде өткізілуі тиіс екенін және қосымша келісімді бір нақты сатып алудан құралған үнем сомасына ғана жасауға болатынын түсінуге кедергі жасамайды.  Сол тауарға, жұмысқа және көрсетілетін қызметке бөлінген қосымша ақшаға жаңа сатып алу жариялау қажет.

Келтірілген мысал мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы  заң нормаларының сөзбе-сөз түсіндірмесіне сілтеме жасай отырып, ашық түрде «өз» өнім берушілеріңмен шарт жасасудың жемқорлық сызбасын өткізуге болатынына дәлел болады.

Бұл мүмкіндікті болдырмас үшін, Заңның 45-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы бойынша порталда шарт сомасын ұлғайтуға қатысты жоспардың жаңа тармағын құрмай-ақ, бір сатып алудан құралған бірыңғай үнем есебінен қосымша жасалған келісімді қарау керек.

Жоспардың жаңа тармағын құру арқылы қосымша келісім жасау, егер  ҚР заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және мұндай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса,  мемлекеттік сатып алу туралы шарт сомасын ұлғайту талап етілген кезде өзін ақтайды. Бұл негіздеме Заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген.

Әлбетте, шарт сомасын ұлғайтуға қатысты бұл екі негіздеме (Заңның 45-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары) негізінде әртүрлі, алайда техникалық тұрғыда порталда олар бірдей шешілген. Бұл тапсырыс берушілерге бір шарт аясында тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердің шектеусіз санын қосымша сатып алуға мүмкіндік береді.

Бірақ тапсырыс берушілердің барлығы бірдей олай істемейді.

«Шартты үнем» түсінігін және жоспар өзгермеген 2008 жылды есінде сақтағандар тек қана үнем шегінде соманы ұлғайтуға қатысты қосымша келісімдер жасайды. Алайда мемлекеттік сатып алу саласына жаңа жұмыскерлер келеді, олар бұл өзгешеліктерді білмейді және  олар үшін порталдағы нұсқаулық нормативтік акт болып табылады.   

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль