Веб-порталда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану

84
Веб-порталда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану
Бурковская Марина Петровна
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, ВКО
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман порталдағы жұмысқа кірісерде нені білуі керек? Мемлекеттік сатып алу саласында веб-портал қандай рөл атқарады?

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері тек электрондық форматқа көшірілді.
Еске сала кетейік, 2016 жылға дейін порталдағы міндетті әрекет тек жоспарды орналастыру мен электрондық сатып алуды (конкурс, аукцион немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу) өткізу ғана болды. Шарттың қағаз нұсқада жасалуына жол берілді. Әр тапсырыс беруші сатып алуды жариялады және күшін жойды, шарттар жасасты, оларды бұзды немесе өз танымы мен жауапкершілігі тұрғысынан қосымша келісімдер жасады. Көбінесе шарттың электрондық нұсқасы қағаз нұсқамен сай келмеді.
Орындау мерзімдерін ұлғайтуға және заңнама талаптарын бұзушылық шартының сомасын ұлғайтуға қатысты қосымша келісімдер жасалды. Мұндай фактілер жекелеген жағдайлардағы тексеріс барысында анықталды, бірақ тұтас алғанда картина өзгерген жоқ. 
Шарттың электрондық нысанын енгізумен бірге бұл процестер қысқа мерзім ішінде заңнамалық шеңберге ие болды. Алайда қазіргі кезде де бәрі оңай емес.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман порталдағы жұмысқа кірісерде нені білуі керек?  Риторикалық сұрақ, өйткені онсыз да бәрі түсінікті – «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын  (бұдан әрі – Қағидалар) білуі қажет. Бұл – кез келген «мемлекеттік сатып алушының» «альфасы» мен «омегасы».
 
Бұдан бөлек, аталған нормативтік құқықтық актілердің басқа НҚА-лермен арақатынасын белгілеу қажет, өйткені Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің нормаларынан,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  
Мемлекеттік сатып алу саласында веб-портал (бұдан әрі – портал) қандай рөл атқарады?
Бәрінен бұрын, бұл – сатып алуды өткізу құралы. Сондықтан порталдағы жұмыс тәртібі ҚР қолданыстағы заңнамасына толығымен сәйкес келуі тиіс. Демек, әзірленген фунционалдар мен оларды қолдану нұсқаулықтары Заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі керек.  
Тәжірибе көрсеткендей, портал әзірлеушілерінің Заң мен Қағидалардың талаптары туралы өзіндік түсініктері бар және жұқалап айтқанда, заңнама талаптарына әрқашан сәйкес келе бермейтін функцияларды орнатады.  Әділдік үшін айта кету керек, әзірлеушілер бір орында тұрып қалмайды, Портал функциялары үнемі өңделеді және жақсартылып отырады.  Алайда қазіргі кезде порталда  жай ғана техникалық жағынан істеліп бітпеген деп түсіндіруге болмайтын функциялар (және/немесе қателер) бар. Бұл бірқатар заңдық мәселелердегі түбегейлі адасушылық – мемлекеттік сатып алу саласының тек арнайы заңмен ғана регламенттелмейтінін, Заңда көзделмеген заңнамалармен де регламенттелетінін түсінбеушілік болып табылады.
Мақалада осындай істеліп бітпеген жұмыстардың бірнеше мысалдары қарастырылады.

                                    Электрондық конкурстың күшін жою  
                       
    Қалай ойлайсыз, ұйымдастырушы конкурс жарияланғаннан кейін оның өз бетінше күшін жоя ала ма? Бұл жағдай Заңда және Қағидаларда арнайы ескертілмейді. Алайда ұйымдастырушының конкурстың күшін жоя алмайтынын бәрі біледі, өйткені оның күшін жою бұзушылық фактісі анықталған тексерістен кейін ғана жүргізіледі.  Мұндай бұрыс пікір неліктен қалыптасты? Өйткені порталда бұл функционал былай әзірленген: конкурстың күшін жою сот органының, прокуратура немесе мемлекеттік қаржы бақылауы органының шешімімен ғана мүмкін болмақ. Конкурстың күшін жоюдың басқа нұсқалары жоқ.
Егер бұзушылық өз бетінше анықталса, онда басым көп жағдайда ұйымдастырушылар қате таба ма, жоқ па деп күтеді.  Егер тексеріс барысында бұзушылық фактісі анықталған болса, жақтас ұйымның шешімі бойынша конкурстың күші жойылады.
Мұндай жоюшылықтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың құрылуымен бірге жүреді. Міндеті мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде ескерту болып табылатын камералдық бақылаудың енгізілуімен жағдай жеңілдетілді. Егер камералдық бақылау арқылы бұзушылық қорытындылар шыққанға дейін анықталса, мұндай конкурстың әкімшілік хаттама жасалмай-ақ күші жойылады. Ал егер тексерісті прокуратура жүргізсе немесе камералдық бақылау өткізіліп қойған конкурсты тексерсе, бұзушылық үшін ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай мысалдар көптеп табылады. Бірқатар «ілгері кеткен» ұйымдастырушылар өзіндегі конкурсты жариялау кезінде қате тапса, ҚИҚ-ға жүгініп, конкурстың күшін дер кезінде жою және бұл ретте әкімшілік жаза алмау үшін қорытындылар шыққанға дейін тексеріс жүргізуді өтінеді.  
Негізінде, мұндай күрделі айла-шарғының жолын кесуге болады. Әзірлеушілер порталда бұзушылық табылды деп жарияланған сатып алуды ұйымдастырушының өз бетінше жою мүмкіндігін қарастырса жеткілікті. Ол үшін «Конкурстың күшін жою туралы шешімді қабылдаған орган» тізіміне «Сатып алуды ұйымдастырушы» дегенді қосу керек. Бұл үшін заңдық негіз бар.  
     2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің қолданылуы тоқтатылғанға дейін осы құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот оны тоқтата тұра алады, өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады не оның күшін жоя алады.
- Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады, жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және (немесе) заңды тұлғаларға) таралады, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асырады және құқық нормаларын қамтымайды.
    
- 2016 жылғы сәуірде «Нормативтік актілер туралы» заң күшіне енгенге дейін ұқсас норма «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабында көзделген.
Айта кету керек, бұл баптың нормалары күнделікті тәжірибеде жиі қолданылады, бірінші басшы бұйрық (өкім) шығарып, біраз уақыттан кейін, өндірістік қажеттілікке немесе өзгертілген жағдайларға байланысты, оны болдырмай тастауы немесе өзгеріс енгізуі мүмкін. 
Жеке-дара қолданылатын құқықтық акт аясында конкурсты өткізу кезінде электрондық конкурс өткізу және конкурстық құжаттаманы бекіту туралы бұйрықты (өкімді) қабылдау керек болады. Осылайша,  конкурс рәсімі аяқталғанға дейін ұйымдастырушы өз бетінше бұзушылықты анықтап,  қызметтік тексеріс өткізіп, тәртіптік ретпен кінәлілерді жазалай отырып, конкурстың күшін жоюға құқылы. 
Конкурс өткізу кезіндегі бұзушылықтар үшін салмақты әкімшілік айыппұл көзделгенін ескере отырып, заңнамада көзделген мемлекеттік сатып алу саласында қызметкерлерді құқықтық қорғау принципі сақталуы тиіс.  

Конкурстық құжаттаманы талқылау рәсімі Заңда көзделген, бұның өзі хабарландыру жарияланған сәттен бастап қателерді табу мен жіберілген қателерді түзету функциясын атқарады. Алайда конкурс «Өтінімдерді қабылдау» мәртебесін қабылдағаннан кейін, ұйымдастырушы өз бетінше конкурстың күшін жоя алмайды, дегенмен заң тұрғысынан ол өзінің қателерді түзету құқығын жоғалтпайды.
 

Жалғасы келесі мақалада.

Дереккөз: «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналы – kz, № 11-2016  



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 000+ полезных статей
  • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль