Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері

53
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау ерекшеліктері
Гафуров Ернар Еркенович
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», юрист, город Алматы
Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау кезінде есте ұстауға қажет белгілі бір ерекшеліктер бар.

Осылайша, Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші міндетті тәртіппен, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау жайлы ақпарат ұсынады.             

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту

Мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлей отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін белгілі бір жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы екенін есте ұстаған жөн. Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес мұндай жағдайлар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті, бюджет жобасын нақтылау (түзету) кезінде болған, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайлар болып табылады.

Внимание: Заңның 5-бабының 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.            

Тапсырыс беруші немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген екі шешімнің бірі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: 1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;

2) конкурсқа (аукционға) қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.

Республикалық бюджетте мемлекеттік сатып алуды жоспарлау қалай көрсетілген

Бұдан әрі республикалық бюджетте көрсетілген 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысты ақпаратқа неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталғымыз келеді. Ол үшін Қазақстан Республикасының арнайы нормативтік құқықтық акті – 2015 жылғы 30 қарашадағы № 426-V «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жүгінеміз.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау  «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның (15-бап) 2017 жылға арналған облыстық бюджеттердің, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы мақсатты  трансферттерін пайдалану тәртібі мен бөлуге қатысты айқындамасында белгіленген. Мұндай айқындамалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде анықталады және  оларға мыналар жатады:

1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалау;

2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайту;

3) «Өрлеу» жобасы бойынша шартты қаржылай көмекті енгізу;

4) аудандық маңызы бар және ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету;

5) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету;

6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту;

7) дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алу;

8) Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2012–2018 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру;

9) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және ретке келтіру бойынша көрсетілетін қызметтер;

10) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

11) өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдау;

12) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізу;

13) ішкі істер органдарындағы әкімшілік полиция қызметкерлерін оқыту;

14) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстау;

15) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау.

Яғни 2015 жылғы 30 қарашадағы № 426-V «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында медицина саласындағы дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға,  сондай-ақ ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік ұйымдарда,  мекемелер мен кәсіпорындарда негізінен мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алынатын тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға ерекше орын беріледі.

Жоспарлау ақшаны тиімді де оңтайлы жұмсау үшін пайдаланылатын мемлекеттік сатып алудың негізгі құралы болып табылады. Жоспарлау кезінде Заңда  мәлімделген отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өнім берушілерін қолдау туралы ұмытпаған жөн.

Уәкілетті орган әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы туралы да ойламай қалған жоқ. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі бар.

Жоспарлау кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің арасында жүзеге асырылатынын ескерген жөн.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы соңғы өзгерістер көрсеткендей,  біздің еліміз дұрыс бағытта келе жатыр, Қазақстанда экономика үшін қолайлы фактор болып табылатын халықты жұмыспен қамту деңгейі ұлғайды. Әлеуетті өнім берушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынылады, адал бәсекелестік сақталады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарына қатысты барлық ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында кез келген Өнім беруші мен Тапсырыс берушіге қолжетімді. Бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын тұспалдайтын жағымды жағдай болып табылады

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией


Рассылка






© 2007–2016  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.: +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях