Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

65
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу
Нагуманов Нурсултан Сансызбаевич
Эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ, автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», город Алматы
Заңның аталған нормасын әрекетке енгізудің мақсаты заң шығарушының мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысты Тапсырыс берушілерді тәртіпке салуға деген ниеті болып табылады.

Заңның 5-бабының 4-тармағында көрсетілгендей, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.  Заңның аталған ережесі жаңа енгізілім болып табылады және 2016 жылдың басынан бастап әрекетке енді. Осының салдарынан Тапсырыс берушілердің көпшілігінде «Айына бір рет қана өзгеріс енгізуге рұқсат берілсе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді енді қалай сатып аламыз?» деген сұрақ туындады.

Заңның аталған нормасын әрекетке енгізудің мақсаты заң шығарушының мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға қатысты Тапсырыс берушілерді  тәртіпке салуға деген ниеті болып табылады. Тиісінше, егер Тапсырыс беруші әдепкіде мемлекеттік сатып алу жоспарын сауатты түрде құрса, бұдан былай мемлекеттік сатып алу жоспарына үнемі өзгерістер мен түзетулер енгізуге тура келмейді.

Тәжірибе жүзінде Тапсырыс берушілердің Заңда көзделген бір мүмкіндікті пайдаланған, мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген сәттері көп болды. Ал бір ай ішінде төтенше жағдайлар туындайды (мәселен, апат, құбыр жарылысы, өрт немесе құрал-жабдықтың істен шығуы және т. б.), тиісінше тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін аталған проблеманы жою мақсатында тез арада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажет. Тапсырыс берушілер мұндай жағдайларда  өзін қауіпсіздендіруі керек, апат болғаны, құрал-жабдықтың қирағаны, өрт және т.б. жайлы акт жасайды, актіде қанша сомаға залал келтірілгені, көлемдері, шұғыл жағдайды жоюға қажетті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізілімі көрсетілуі қажет. Содан соң  сауатты ресімделген құжаттар негізінде Тапсырыс беруші сатып алу жоспарында тағы бір түзету жасайды және тиісінше анықталған бұзушылық бойынша тексеруші органдардың шағымына Тапсырыс беруші құжат түрінде ресімделген негіздемемен жауап береді.

Осы Заңның 50-бабы мен 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында)  көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

                  Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны

               Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтер:

1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

2) қосылған құн салығын есепке алмай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

5) осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде графикке және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

6) осы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары қамтылуға тиіс.

 Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысатын тапсырыс берушілер мен өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы 2-тармағының екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда жоғарыда келтірілген тармақшаларда көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітетініне ерекше көңіл бөлулері керек. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші  Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 7-тармағы орындалған күннен бастап  он жұмыс күні ішінде бекітеді.

   Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі        

           



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Госзакупки  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Госзакупки МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по госзакупкам

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 000+ полезных статей
    • 4 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль