text
MCFR.KZ Госзакупки

Мемлекеттік сатып алудын жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

  • 31 октября 2018
  • 108
Мемлекеттік сатып алудын жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгертулер және (немесе) толықтыруларды айына бір реттен көп емес енгізе алады, бірақ осы талап қолданылмайтын жағдайлар бар.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)5-бабының 4-тармағы негізінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен, айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Алайда 05.05.2017 ж. № 60-VI ҚР Заңымен 5-баптың 4-тармағына өзгерістер енгізілді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

1) мемлекеттік кәсіп орындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;

2) бақылауіс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестиісті бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзегеа сырылған жағдайларға қолданылмайды.

1) 5-баптың 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына шектеусіз өзгерістерді тек қана мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар ғана енгізе алады.

★Мемлекеттік сатып алу жоспарын орындамаудың салдарлары★

Мемлекеттік сатып алудын жылдық жоспарына өзгерістер енгізу

Екатерина Клопова

автор журнала «Государственный заказ. Вопросы и ответы», эксперт электронной системы «ACTUALIS» по ГЗ
Орындалмаған жоспар тармақтары қалса не істеу керек? Бұл бұзушылық болып табылады ма?

ПІКІР

Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды – Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган құрады. 1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;

2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорынкіріс әкелетін қызметпен айналысады. Қызмет Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған жеке табысы мен бюджеттік қаржы есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

ПІКІРЛЕР

Мемлекеттік мекемелер егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек қана мемлекеттік бюджет есебінен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкібюджетінің (шығыстар сметасы) есебінен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының Заңымен, коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе басқа да функцияларды жүзеге асырудан басқа, мемлекеттік органдарға жатпайтын мемлекеттік мекемелерге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығыберілуі мүмкін (ақылы қызмет көрсету).

Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауыл шаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондайақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

Мемлекеттік мекемелер Заңның 5-бабының 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алу жоспарына айына бір реттен астам өзгеріс енгізуге құқылы:

–бақылауіс-шараларыныңнәтижелерібойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған:

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет нақтыланған (түзетілген) кезде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларда.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудыңалдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күніішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатыпалу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.

Дереккөз: Мемлекеттік сатып алу бойынша «Actualis» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты